AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Бас мүфти Алматы облысының әкімімен кездесті

Бас мүфти Алматы облысының әкімімен кездесті

Өмір-өзен 25.02.2022, 07:02 1,697
Бас мүфти Алматы облысының әкімімен кездесті
Сурет: ҚМДБ

Кездесуде өңір басшысы Қанат Алдабергенұлы Бас мүфтиге облыс тұрғындарының ыстық ықыласы мен сәлемін жеткізді.


ҚМДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, бас мүфти Алматы облысының әкімімен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевпен кездесті.



«Әлемде діни алауыздық өршіген қазіргідей күрделі кезеңде ел ішінде жүргізілетін ағартушылық жұмыстардың мазмұны және сапасы үнемі назарда болуы керек. Жастарымызды имандылыққа, адамгершілікке шақырып, оларға білім мен ғылымға құштарлық, Отанға деген сүйіспеншілік қасиеттерін дәріптеуіміз қажет. Имамдар мен дін қызметшілері осы жауапты міндетті ойдағыдай атқаратынына сенемін», - деді облыс әкімі.



Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өз сөзінде қаңтар қасіреті баршамызға қоғамдағы тыныштық бәрінен де биік құндылық екенін сезіндіргенін атап өтті.



«Біздің қоғам алдындағы басты міндетіміз – мұсылман қауымының бірлігін нығайту, бүлік пен жалған діни ұрандарға жол бермеу. Осы бағытта жыл басында биылғы 2022 жылды «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы деп жарияладық. Осы атаулы жыл аясында көптеген игі шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Алла қаласа, бүгінгі Талдықорғанның төрінде өткелі жатқан «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» республикалық конференциясы осы бастамамызға серпін береді деген ойдамыз. Алла жиынымызды берекелі еткей!» - деді ҚМДБ Төрағасы.



Басқосу соңында тараптар дін мен дәстүр сабақтастығы, асыл дініміздің беделін биіктету бағытында бірқатар бірлескен игі жобаларды жүзеге асыруға келісті.


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мүфти #Алматы #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);