AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / «Барыс» буллит сериясында «Автомобилист» командасы...

«Барыс» буллит сериясында «Автомобилист» командасын ұтты

Спорт 27.12.2021, 16:32 1,368
«Барыс» буллит сериясында «Автомобилист» командасын ұтты
Сурет: Нcbarys.kz

Жерлестер жанкүйерлер үмітін ақтады


Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында «Барыс» елордада «Автомобилист» (Екатеринбург) командасымен айдынға шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Шығыс конференцияда «Барыс» пен «Автомобилист» сәйкесінше сегізінші, тоғызында орында еді. Сондықтан үздік сегіздікке ілігу үшін бұл матчтың маңызы зор болатын.


«Барыстың» мерген шабуылшылары Никита Михайлис пен Кертис Волк осыған дейін төрт ойын бойы гол соға алмаса, бұл жолы қанжығалары майланды. 4-минутта Н.Михайлис Кертис Волк пен Егор Шалаповтың пасынан кейін есеп ашты. Көп ұзамай айдыннан қуылған Дмитрий Гурковтың шығуына бір секунд қалғанда, қонақтардан Стефан Да Коста сан басымдылығын пайдаланып кетті – 1:1. Дегенмен Якоб Лилья мен Н.Михайлис ұйымдастырған әдемі шабуылдан соң К.Волк есепті 2:1-ге жеткізді. Екінші кезеңде айдын иелері үш мәрте сан басымдылығын пайдалана алмады. Керісінше,


сондай сәтте Анатолий Голышев таразы басын теңестіріп кетті – 2:2.


Үшінші кезеңде де, овертаймда да осы есеп өзгермегеннен кейін кездесу тағдыры буллит сериясында шешілді. Мұнда Якуб Лилья мен Линден Вей қақпаны дәл көздеді. Матч барысында елордалықтардың қақпашысы Йони Ортио көптеген соққыны қайтара алды.


Осылайша «Барыс» маңызды екі ұпайға ие болып, сегізінші орынды сақтап қалды. Юрий Михайлистің шәкірттері биылғы жылдың ең соңғы ойынын 29 желтоқсан күні елордада Шығыс конференциясында үшінші орында келе жатқан «Салават Юлаев» (Уфа) командасымен өткізеді.


Айта кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» «Трактор» командасынан ұтылғанын, елордада «Автомобилисті» қабылдайтынын жазған болатынбыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Барыс #команда #ұту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);