ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Балалар жылы / Барлық оқушылар үшін жазғы мектеп ұйымдастырылады

Барлық оқушылар үшін жазғы мектеп ұйымдастырылады

Балалар жылы 05.04.2022, 08:54 2,099
Барлық оқушылар үшін жазғы мектеп ұйымдастырылады
Сурет: Zhaikpress.kz
Жазғы мектептер 17 маусымға дейін жалғасады

Жазғы мектептер 17 маусымға дейін жалғасады


БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатынын айтты. Министр тиісті бұйрыққа қол қойды. 26 мамырдан бастап 9, 11-сынып оқушылары емтихандарын тапсырады. Ал қалған сынып оқушылары үшін 17 маусымға дейін жалғасатын жазғы мектеп ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Жазғы мектеп – біліміңізді жетілдіріп, олқылықтарды толтыруға тамаша мүмкіндік. Пандемия оқу үдерісіне жақсы әсер етпегенін және мектеп оқушыларының кей тақырыптарды толық меңгермегенін жақсы білеміз. Басқа елдерде бұл мәселені шешу үшін оқу жылын ұзартады. Ал біз оқу жылын ұзартпай, жазғы мектеп ұйымдастырдық. Біз барлық оқушыларға жазғы мектептен қалмауға кеңес береміз», деді Гүлмира Кәрімова.



Ведомство мәліметінше, жазғы мектептерде сабақтар әдеттегі форматта өтпейді. Икемді оқу кестесі ұйымдастырылады, сабақтар мұражайларға және экскурсияларға бару түрінде де ұйымдастырылады.



«Бұл ретте жазғы мектепте оқушыларға баға қойылмайтынын, сонымен қатар үй тапсырмасы берілмейтінін атап кеткен жөн. Жазғы уақыттағы оқу мүмкіндігінше қызықты әрі мазмұнды өту үшін барлық жағдай жасалады. Кейбір балалардың репетиторлармен ақылы курстарға барып, қосымша білім алатынын білеміз. Осы орайда жазғы мектеп біліміңізді шыңдап, олқылықтың орнын толтыруға да тамаша мүмкіндік. Оның үстіне мұғалімдер өз оқушыларының күшті және әлсіз жақтарын жақсы біледі», - дейді Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы.



Жазғы мектеп барлық оқушылар үшін ұйымдастырылады. Дегенмен, түрлі жағдайларға байланысты жазғы мектепке қатысты соңғы шешімді ата-аналар мен мектеп оқушылары өздері қабылдайды.



«Бірақ бұл жерде бірінші кезекте баланың мүддесін, оның болашағын ойлау керек. Сондықтан, түпкілікті шешім ата-ананың қолында екеніне қарамастан, біз өз тарапымыздан жазғы мектепке баруға кеңес береміз. Өйткені бұл, ең алдымен, балаларға қажет», - деді Гүлмира Кәрімова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.