AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Барлық мұғалім аттестациядан өтеді -Министр

Барлық мұғалім аттестациядан өтеді -Министр

Әлеумет 15.05.2024, 20:24 788 Nursok82
Барлық мұғалім аттестациядан өтеді -Министр
Almaty-akshamy.kz

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева Қазақстанда барлық мұғалім неге аттестациядан өтетінін түсіндірді, деп хабарлады аlmaty-akshamy.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында министрдің орынбасарына «Мұғалімдер тапсыратын аттестацияның мың құбылып, өзгеріп жатқаны туралы айтылып жатыр. Педагог-зерттеушілер өз санатында қалса, тест тапсырмайтыны айтылған. Кейін оның бәрін алып тастап, олар қайтадан тест тапсыратын болды. Аттестацияда неге нақтылық жоқ? Ол қашан бір жүйеге қойылады?» деген сұрақ қойылды.

Наталья Жұмаділдаева барлық мәселе жұмыс тобында қаралғанын атап өтті.

Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережесін әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылған. Оның құрамына 60-тан аса адам бар: педагогтар, білім беру саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері. Жұмыс тобында 44 рет кездесу өткізілді. Онда әртүрлі мәселе қарастырылып, әртүрлі зерттеулер мысалға келтірілді. Осыған байланысты көптеген норма қабылданды. Мұндай шешім біздің педагогикалық қауымдастықпен бірге қабылданды.

Енді мұғалімдердің тілегіне тоқталайын. Мұнда олардың тілегі, жаңа ережеге қатысты көзқарасы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен сәйкес келмеді. Жұмыс тобында олар (үкіметтік емес ұйымдар өкілдері) аргументтер келтіріп, тест тапсырып, тағы бір толық аттестациядан өткізудің қажеті бар екенін дәлелдеді, - деді вице-министр.

Оқу-ағарту министрлігі президенттің тапсырмасы бойынша педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы бойынша жаңа тәсіл әзірлеген.  Осыған байланысты барлық мұғалім аттестациядан өтеді.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап педагогтарымыздың еңбек тиімділігі «Ұстаз» электронды платформасында бағаланады. Платформа толық цифрландырылып, педагог қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Мұнда педагогтың практикалық қызметіне басымдық беріледі. Бұл – мұғалімнің сабағын талдау, оқыту әдістерін тиімді қолдана білу, сыныптардағы оқыту сапасы.
Платформаға өту үшін мұғалімнің пәнді қаншалықты деңгейде білетіні бағаланады, педагогика мен әдістеме мәселесі практикаға жатқызылады. Сондықтан жұмыс тобында педагогтар 2025 жылғы қаңтарға дейін өтпелі кезеңнен өтіп, пәндік білімі және оқыту әдістемесі, психология бойынша тест тапсырып, аттестациядан өтеді», - деді Наталья Жұмаділдаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұстаз #мұғалім #Педагогтерді аттестаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);