ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / «Бақытты отбасы – мықты елдің іргесі»

«Бақытты отбасы – мықты елдің іргесі»

Алматы 22.04.2025, 12:34 628
«Бақытты отбасы – мықты елдің іргесі»
Сурет: К.Бекенова
Медеу ауданындағы №115 бөбекжай-балабақшасында «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Толағай» атты отбасылық спорттық жарыс өтті.

Медеу ауданындағы №115 бөбекжай-балабақшасында «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Толағай» атты отбасылық спорттық жарыс өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу және салауатты өмір салтын мектепке дейінгі жастағы балалардың бойына сіңіру. Жарысқа №110, №114, №115 және №125 бөбекжай-балабақшаларының тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары белсене қатысты. Шара барысында қатысушылар түрлі спорттық эстафеталар мен ойындар арқылы ұйымшылдықты, белсенділікті және отбасы мүшелері арасындағы өзара бірлікті көрсетті.

Іс-шараға Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қуаныш Төлепов, қалалық мәслихат депутаты Елена Те, Олимпиада чемпионы, партия мүшесі Ермахан Ибраимов және басқа да қоғам белсенділері арнайы қатысты.

№115 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Альфия Естенова өз сөзінде шетелдік тағылымдамалардан көрген озық тәжірибені балабақша тәрбие үрдісіне енгізудің маңызын атап өтті:

– Бұл шара – шетелдік тағылымдамалар барысында жинақталған озық тәжірибені мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту процесіне енгізудің алғашқы қадамдарының бірі. Малайзия, Қытай, Польша және Германия мемлекеттерінде көрген тиімді тәсілдер – балалардың күнделікті өмірін белсенді әрі саналы етудің жолы. Әсіресе, ұлттық спорт түрлері, өзін-өзі күту дағдылары, ашық алаңдағы ойындар, өзін-өзі күту дағдылары мен психологиялық қолдау бағыттары біздің жүйеге де оң ықпал ететініне сенімдімін. Мектепке дейінгі жас, ол – денсаулықтың, жеке тұлға болып қалыптасудың негізі қаланатын маңызды кезең, – деді. 

Жарыс нәтижесі бойынша орындар келесідей бөлінді: 1 орын – №110 бөбекжай-балабақшасы; 2 орын – №114 бөбекжай-балабақшасы; 3 орын – №115 бөбекжай-балабақшасы; 4 орын – №125 бөбекжай-балабақшасы.

Отбасы – қоғамның өзегі. Мұндай іс-шаралар жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беріп қана қоймай, оларды физикалық және рухани тұрғыда шыңдауға ықпал етеді. Бұл ел болашағына салынған берік іргетас.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.