Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бақытжан Сәркеев: «Игі істерді кейінге қалдырмай,...

Бақытжан Сәркеев: «Игі істерді кейінге қалдырмай, бүгін бастайық»

Әлеумет 28.01.2025, 16:12 607
Бақытжан Сәркеев: «Игі істерді кейінге қалдырмай, бүгін бастайық»
aqshamnews.kz

Қаржы сарапшысы Бақытжан Сәркеев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмаларды жоғары бағалады. Сарапшының пікірінше, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бірінші кезектегі міндет болып қала береді.

Екінші деңгейлі банктердің жауапкершілігі:
– «Бір кездері екінші деңгейлі банктерге мол қаражат берілді. Олар мемлекет есебінен күн көрді десек, артық емес. Енді олардың халық игілігі үшін жұмыс істейтін кезі келді. Егер банктер шаруашылық субъектілеріне нақты қолдау көрсетіп, төмен пайызбен несие берсе, көптеген әлеуметтік және экономикалық мәселе өздігінен шешіледі», – деді Сәркеев.

Доллар бағамын тұрақтандыру жолдары:
Сарапшы доллар бағамының 500 теңгеден асып кетуін шешудің тиімді жолын – экономиканы әртараптандыруды ұсынады.

– «Өндіріс орындарын, зауыттар мен фабрикаларды көбейту арқылы біз экономикалық тұрақтылыққа қол жеткіземіз. Еліміз мұнай, газ, уран, көмір, темір, мыс және мырыш сияқты ресурстарға бай. Бірақ оларды шикізат күйінде емес, терең өңдеп, шетелге экспорттау қажет. Бұл ұлттық экономиканы нығайтып, теңге бағамын тұрақтандыруға ықпал етеді», – деді ол.

Жасайтын істі кейінге қалдырмау:
Сәркеевтің пікірінше, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу үшін әрекет ету уақыты – дәл қазір.

– «Бірлесіп атқаратын жақсы істерді ертеңге қалдырмай, бүгіннен бастаған жөн. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әрбір бастама маңызды», – деді сарапшы.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бақытжан Сәркеев #банк #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.