AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бақытжан Сағынтаев тау лашықтарында құтқарылған ал...

Бақытжан Сағынтаев тау лашықтарында құтқарылған алғашқы туристер туралы айтты

Әлеумет 20.10.2021, 13:34 1,134
Бақытжан Сағынтаев тау лашықтарында құтқарылған алғашқы туристер туралы айтты
almaty-akshamy.kz

«Алматы» ТА-дағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирі кезінде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев модульді құтқару лашықтары баруы қиын жерлерге тікұшақтардың көмегімен  жеткізілетінін айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Шын мәнінде, тікұшақтар модульді құтқару лашықтарын орнату орындарына жеткізеді. Өйткені, таулы жерлерде көлікпен жүру өте қиын, сондықтан тікұшақтар пайдаланылады», - деп жауап берді Бақытжан Сағынтаев тауда не тасымалданатыны туралы сұраққа.  



Алматы әкімі құтқару модульдерін орнату таудағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар аясында жүргізіліп жатқанын еске салды. Осы мақсатта тау жолдары цифрландырылады және абаттандырылады. Сонымен қатар, Шымбұлақта, Медеуде визит-орталықтардың жұмысы іске қосылды. Осындай орталықтар Аюсай шатқалында және Горельник жылу көзінің жанында ашылды. Мұнда таулардағы қауіпсіз тәртіп бойынша нұсқаулық өткізіледі.


Туристердің қауіпсіздігі үшін ұялы байланыспен қамту аймағы кеңейтілуде, Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарында 2 бақылау-құтқару пункті, Тұйық су шатқалында тікұшақ алаңы салынуда, құтқару жасақтарына дабыл беру түймелері бар 10 радиорелелік діңгек орнатылуда.



Бүгінде 15 құтқару лашығының 7 нүктесі орнатылды, олар мына жерлерде: «Жоғарғы Горельник», «Тұйық су» мұздығының соңғы моренасы, «Лунная поляна», «Проходное» шатқалы, «Үлкен Алматы» шатқалы, «Қызылсай шатқалы» және «Сол жақтағы Талғар».  Қараша айының соңына дейін тағы 8 орнату жоспарлануда.



Әр лашық құтқарушылар пультіне сигнал беру үшін «SOS» батырмасымен жабдықталған. Сондай-ақ, лашықтың іші жылытылады әрі мұнда алғашқы медициналық көмек пакеті, ұялы телефонды зарядтау, жылы көрпе және бұзылмайтын өнімдер жиынтығы бар.


Айта кетерлігі, туристердің тау лашықтарын пайдаланған жағдайлары болды. Кейбіреулер бағыттың уақытын немесе өз күшін есептей алмаса немесе ауа райы бұзылса, сол жерде қалып, түнейді. Мәселен, Салтанат есімді қала тұрғыны Instagram әлеуметтік желісінде «Пила» шыңынан соң «Проходное» шатқалындағы лашықта үзіліс жасап, тыныққанын хабарлады. 


Құтқару модульдерінің қиын жағдайға тап болған әрі ауа райының қолайсыздығына орай тауда қалған туристер арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында орнатылғанын атап өткен орынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Сағынтаев #құтқарушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);