AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бақытжан Сағынтаев оқушы орындарының тапшылығын т...

Бақытжан Сағынтаев оқушы орындарының тапшылығын төмендету шаралары туралы айтты

Әлеумет 25.08.2021, 11:14 935
Бақытжан Сағынтаев оқушы орындарының  тапшылығын төмендету шаралары туралы айтты
Сурет: Almaty-akshamy

Оқу жылының басында қалада 2120 орынды 8 жеке меншік мектеп ашу жоспарлануда.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тамыз кеңесінде жаңа мектептердің құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Карантиндік шектеулерге қарамастан, оқушы орындарының  тапшылығын азайту және қалалық білім беру мекемелерінің желісін одан әрі кеңейту мақсатында өткен жылдан бастап, біз бірден бірнеше жобаны іске асыра бастадық», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.



Мәселен, қазіргі кезде қалада 12 600 орынды 8 мемлекеттік мектептің, сондай-ақ  қолданыстағы мектептер жанынан салынып жатқан 8263 орынды 17 жаңа корпустың құрылысы жүруде.


Биылғы оқу жылының басында 4150 орындық 9 жаңа корпус пайдалануға беріледі, 4113 орындық тағы 8 жаңа корпус жыл соңына дейін жұмысын бастайды. Сонымен қатар оқу жылының басында қалада 2120 орындық 8 жеке меншік мектеп ашу жоспарлануда.


Таяу арада 3500 орындық тағы 4 мемлекеттік мектепті, 4400 орындық 11 жаңа корпустарды салу жоспарлануда, сонымен қатар жеке инвесторлармен бірге 4 мектептің жобалық қуатын ұлғайта отырып, реновациялау және 6 мың орындық 5 жеке ұйым ашу жоспарлануда.


Жоспарға сәйкес, сейсмикалық нығайту және бірнеше мектеп ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстары да жалғасуда. Сондықтан оқу үдерісіне кедергі келтірмеу үшін оқушыларды уақытша көшіру ұйымдастырылды.


Бақытжан Сағынтаев қалалық жайлы орта басқармасы мен білім басқармасына бірге ағымдағы құрылыс пен жөндеу жұмыстарының барысына тиісті бақылауды және олардың уақытылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);