ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бақытжан Сағынтаев Nur Otan партиясының Алматы қал...

Бақытжан Сағынтаев Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалы саяси кеңесінің отырысын өткізді

Әлеумет 25.01.2022, 09:35 1,184
Бақытжан Сағынтаев Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалы саяси кеңесінің отырысын өткізді
almaty-akshamy.kz
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалының саяси кеңесінде "нұротандықтардың" жұмысын қала тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді...

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалының саяси кеңесінде "нұротандықтардың" жұмысын қала тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді тиімді шешуге қайта бағдарлау міндеті қойылды. Сондай-ақ, партияның кезектен тыс съезінің делегаттары сайланды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалы саяси кеңесінің жұмысына филиалдың активі, депутаттар мен аудандық филиалдардың өкілдері қатысты.


Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының саяси кеңесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыда конституциялық тәртіпті орнату және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылдаған шараларын бірауыздан қолдады. Ел Президентінің батыл әрекеттерінің арқасында қаланың тыныс-тіршілігі қысқа мерзімде тұрақталды.


Б. Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Алматыда ШОБ шығындарын өтеу, сондай-ақ қаланың зардап шеккен ғимараттары мен құрылыстарын қалпына келтіру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқанын еске салды.


Бағаның өсуін тежеу жөніндегі шараларды іске асыру аясында үй жанындағы дүкендерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің құны төмендеді, ет өнімдерін өткізу бойынша қосымша әлеуметтік дүкендер ашылуда.



Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Б. Сағынтаев "нұротандықтардың" жұмысты қала тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді тиімді шешуге бағыттауы керектігін атап өтті. Халықтың жұмысқа орналасуға, білімге қол жеткізуге, әлеуметтік қолдауға, инфрақұрылымды дамытуға қатысты сауалдарын шешуге ерекше назар аудару қажет.



Партияның кезектен тыс съезіне 28 "нұротандық" қатысады. Делегаттар қатарында Nur Otan партиясының саяси кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері, сондай-ақ партияның аудандық филиалдары мен Jas Otan жастар қанатының өкілдері бар. Жарғы құжаттарына сүйене отырып, партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Б. Сағынтаев Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің мүшесі ретінде съезд делегаттарының қатарына кірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,313 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.