ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бақытжан Сағынтаев жұмыс істейтін жастар үшін қолж...

Бақытжан Сағынтаев жұмыс істейтін жастар үшін қолжетімді баспана туралы айтты

Әлеумет 10.11.2021, 13:40 1,048
Бақытжан Сағынтаев жұмыс істейтін жастар үшін қолжетімді баспана туралы айтты
almaty-akshamy.kz
«Алматы» ТА-дағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирі кезінде мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін баспаналар бағдарламасын жүзеге асыру туралы айтты деп...

«Алматы» ТА-дағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирі кезінде мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін баспаналар бағдарламасын жүзеге асыру туралы айтты деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, Бақытжан Сағынтаев 15 қарашаның түн ортасында 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталатынын хабарлады. Өтінімдерді ағымдағы жылдың 20 қарашасында сағат 23.59-ға дейін беруге болады.



Өтінімдерді қабылдау www.almaty-jastary.info.сайтында жүргізіледі, сайтқа кіру өтініш берушілердің электрондық-цифрлық кілттері бойынша жүзеге асырылады.


Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: жасы – 29 жасқа дейін, Алматыда соңғы екі жылдан кем емес тұрақты тіркелуі, соңғы екі жыл ішінде Қазақстан аумағында тұрғын үйінің болмауы. Бұдан басқа, соңғы 6 айда үміткерлердің ай сайынғы жалақысы 40 АЕК-тен жоғары болуы тиіс – 116 680 теңге.


Қажетті құжаттардың, жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі туралы толық ақпарат жоғарыда көрсетілген сайтта жарияланған.


Берілетін пәтерлер Наурызбай ауданындағы «Алма Сити-5» жаңа ТК және Алатау ауданындағы «Мәдениет» ТК орналасқан. Жалпы саны – 1 050 бір бөлмелі пәтер. Жалға беру мерзімі – ұзарту құқығынсыз 5 жыл.



Бұдан басқа, қалада жастарға «Алматы жастары 3.0» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама бюджеті – 18 млрд теңге. Қарыздың ең жоғарғы сомасы – 18 млн теңгеге дейін, пайыздық мөлшерлеме – 5%, бастапқы жарна – 10%.



Осы бағдарлама бойынша жыл сайын 1000 жас бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Бүгінгі таңда «Алматы Жастары 3.0» бағдарламасы бойынша 14,7 млрд теңге сомасына 868 заем берілді.


Бағдарлама білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, БАҚ, әлеуметтік салаларда жұмыс істейтін жастарға арналған. Сондай-ақ, оны жоғары оқу орындары мен ҒЗИ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері пайдалана алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,286 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.