ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бақытжан Сағынтаев бизнес-қоғамдастық өкілдерімен...

Бақытжан Сағынтаев бизнес-қоғамдастық өкілдерімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын талқылады

Әлеумет 25.01.2022, 09:18 1,134
Бақытжан Сағынтаев бизнес-қоғамдастық өкілдерімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын талқылады
almaty-akshamy.kz
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бизнес өкілдерімен 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын талқылау бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды...

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бизнес өкілдерімен 2022-2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын талқылау бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Іс-шараға қала кәсіпкерлері, оның ішінде түрлі қызмет салалары бойынша ірі, орта және шағын бизнес өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен Алматы кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысты.



Кездесуді ашқан қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бизнес саласы өкілдерінің стратегиялық құжатты талқылауға қатысуының маңыздылығын атап өтіп, қаланың бизнес ахуалын жақсарту мақсатында одан әрі табысты ынтымақтастыққа үміт білдірді.



«Биылғы жылдың 21 қаңтарында Мемлекет басшысы бизнес-қауымдастықпен кездесіп, кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ШОБ қолдау және дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, біз кәсіпкерлік қоғамдастықтың өзекті мәселелерін талқылау үшін пікірталас алаңдарын құрып жатырмыз», - деді Б. Сағынтаев.



Іс-шара барысында Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Ахметов 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын таныстырды.




«Тұжырымдаманың маңызды басымдықтарының бірі адал бизнесті дамыту болып табылады. Тұжырымдама жобасында бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізуге ынталандыру көзделеді. Корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ерекше назар аудару қажет», - деп атап өтті Мұрат Ахметов.



Кездесу соңында қатысушылар пікірлерімен бөлісіп, парасатты бизнесті ынталандыру бойынша ұсынылған нұсқаларды талқылады, тұжырымдама жобасына ұсыныстар енгізді. Бизнес-қоғамдастықтың барлық идеялары мен ұсыныстары ескерілетін болады.



Кездесуді қорытындылай келе, Алматы әкімі Б.Сағынтаев тұжырымдама жобасын қалалық газеттерде жариялауды және «Almaty» ТА алаңында пікірталас алаңын құруды тапсырды. Мемлекеттік органдардың, азаматтық сектордың және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері әзірленіп жатқан құжатты кеңінен талқылауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында оның қағидаларын кейін іске асыруға тартылатын болады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,313 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.