ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бақытжан Сағынтаев Алматының қоғамдық кеңістіктерд...

Бақытжан Сағынтаев Алматының қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру барысын тексерді

Әлеумет 01.11.2021, 03:43 1,171
Бақытжан Сағынтаев Алматының қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру барысын тексерді
almaty-akshamy.kz
Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев балалардың ойын және спорт аймақтарын құру, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобалардың іске асуымен танысты деп хабарлайды...

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев балалардың ойын және спорт аймақтарын құру, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобалардың іске асуымен танысты деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Әуезов ауданының Алтын бесік шағын ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды. Бұрын Анет баба көшесінде студенттік жатақхана салу жоспарланған болатын. Тұрғындар өтініш білдірген соң қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мұнда спорт және ойын алаңдарын, сондай-ақ балабақша салу туралы шешім қабылдады. Мұнда тұратын  қалалықтар мәселенің осылай  шешілуін өтінген болатын.



Енді 5 мың шаршы метр бос тұрған  жерде футбол және баскетбол алаңдары, жүгіру жолдары бар спорт алаңы, балаларға арналған ойын алаңы салынды. Аумақ абаттандырылды, жарықтандырылды, қоқыс жәшіктері мен орындықтар орнатылды, бұталар мен ағаштар отырғызылды. Жақын жерде 120 орындық балабақша салынады, оның жобасымен қала әкімі танысты.



Б. Сағынтаев сондай-ақ Алтын бесік шағынауданындағы Трудовая көшесінде абаттандыру және қоғамдық кеңістік құру барысын көрді. Сондай-ақ, Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша аумағы 9 мың шаршы метр болатын қараусыз қалған алаң болды, ол тазартылып, тренажерлері, теннис үстелдері, воркаут-аймағы бар спорт алаңы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, футбол және баскетбол алаңдары, скейт-алаң, балалар ойын аймағы қарастырылған. Жарықтандыру және бейнебақылау орнатылған.



Қала әкімі Б. Сағынтаев Ақсай-2 шағын ауданындағы саябақты қайта жөндеу жобасымен танысты, МЖӘ аясында салынған №42 мектептің спорт алаңын аралап көрді, Үлкен Алматы өзенінің жағалауы - Әл-Фараби даңғылы бойындағы көпір асты кеңістігін абаттандыру нәтижелеріне баға берді. Сонымен қатар, Яссауи көшесінен қала шекарасына дейін ұзындығы 4,5 км Төле би көшесін үңгілеу жобасы қаралды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,284 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.