ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бақытжан Сағынтаев Алматының "жедел жәрдем" қызмет...

Бақытжан Сағынтаев Алматының "жедел жәрдем" қызметін дамытуды тапсырды

Әлеумет 26.01.2022, 10:35 1,261
Бақытжан Сағынтаев Алматының "жедел жәрдем" қызметін дамытуды тапсырды
almaty-akshamy.kz
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде "жедел жәрдем" қызметінің жұмысымен танысып, ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде "жедел жәрдем" қызметінің жұмысымен танысып, ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz



Қала әкімі "жедел жәрдем" бригадаларына шақыруларды қабылдау және беру жүзеге асырылатын ақпараттық-диспетчерлік бөлімнің жұмысымен танысты. Қызмет ұжымымен кездесуде Бақытжан Сағынтаев даму перспективаларын, қызметкерлер мен жалпы ұйымның өзекті мәселелерін шешуді талқылады, сондай-ақ қаңтар айындағы оқиғалар кезінде зардап шеккендерге көмек көрсеткендері үшін алғысын білдірді.



"Жедел жәрдем" қызметкерлері өздерінің кәсіби міндеттерін орындауда батылдық танытты. Террористік актілер барысында 5 қызметкер зардап шекті, олардың төртеуінің денсаулықтарына жеңіл дәрежеде зиян келсе, біреуінің денсаулығы орташа ауырлықта жапа шекті. Сол күндері барлығы 2160 "жедел жәрдем" қызметкерлері жұмыс істеді.



Тәртіпсіздік барысында зардап шеккендерге барған кезде 32 арнайы автокөлік зақымданды. Бүгінде меценаттар жедел жәрдем қызметіне 16 жедел жәрдем көлігін тапсырды.



Бақытжан Сағынтаев қайғылы оқиға күндері жұмыс істеген барлық қызметкерлер материалдық көмек алатынына сендірді. Сондай-ақ, қала "жедел жәрдем" қызметін қажетті техникамен және жабдықтармен қамтамасыз етеді.



Алматы әкімі қоғамдық денсаулық басқармасына жағдайды зерделеп, жаңа қосалқы станцияларды ашу бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды. Бұдан басқа Б. Сағынтаев материалдық-техникалық қамтамасыз ету, "жедел жәрдем" қызметкерлерін қолдау мәселелерін шешуді тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.


Қазіргі уақытта "жедел жәрдем" қызметінде қаланың барлық аудандарында 11 қосалқы станция бар, бұл шақыру орнына бригадалардың тез келуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ұйымға автожөндеу шеберханалары, ақпараттық-жедел диспетчерлік қызмет кіреді.



Шұғыл медициналық көмекті тұрақты негізде 200 бригада көрсетеді: реанимациялық, қарқынды терапия бригадалары, педиатриялық, дәрігерлік, фельдшерлік және практикалық жұмыс тәжірибесі бар, заманауи медициналық технологиялар мен сынақтан өткен әдістерді пайдаланатын жоғары білікті мамандардың үлкен штаты. Олар ауруханаға дейінгі кезеңде науқастар мен зардап шеккендерге уақтылы диагноз қою және көмек көрсету үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Сонымен қатар, 25 бригада резервте тұр.



Қала әкімдігінің қолдауымен соңғы екі жылда қызметтің негізгі мәселелері шешілді. Ынталандыру компоненттерін төлеуге жергілікті бюджеттен 256 миллион теңге бөлінді. Автопарк 70% жаңартылды, 140 "жедел жәрдем" автокөлігі сатып алынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,313 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.