ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға COVID-19 қауіпті...

Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға COVID-19 қауіпті екенін еске салды

Әлеумет 17.11.2021, 13:50 1,113
Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға COVID-19 қауіпті екенін еске салды
almaty-akshamy.kz
Алматы «жасыл» аймаққа көшті, бірақ бұл коронавирустық инфекция дертінің жаңа толқынының қауіпті екенін жоққа шығармайды. Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирі кезінде мегаполис әкімі Бақытжан...

Алматы «жасыл» аймаққа көшті, бірақ бұл коронавирустық инфекция дертінің жаңа толқынының қауіпті екенін жоққа шығармайды. Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирі кезінде мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл қауіп карантин шараларын сақтамаған және вакциналануды елемеген жағдайда орын алуы мүмкін еске салды деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Бүгінде Алматыда КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануы жалғасуда. Жыл басынан бері КВИ-дің 162 172 оқиғасы тіркелді, соңғы аптада – 1 073, ал өткен тәулікте – 119 жағдай. 



Эпидемиологиялық процестің қарқыны жөнінде ел бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасында 13 қарашада қала ағымдағы жылдың 24 қазанынан бастап «сары» аймақтан «жасылға» өтті. Бұл қалыптасқан ұжымдық иммунитеттің 56,2%-ының (вакциналанғандардың 48%-ы + жыл басынан бері ауырып сауыққандардың 8,2%-ы), сондай-ақ шектеу шаралары мен карантиндік ережелерді сақтаудың арқасында мүмкін болды.



КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін «сары» аймақтағы талаптарды сақтауды «жасылға» көшкеннен кейін кемінде 7 күн бойы жалғастыру қажет. Объектілер мен қоғамдық орындардағы «сары» аймақтың талаптары 21 қарашаға дейін сақталады.


Осыған орай Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарын COVID-19 қауіпті екенін ұмытпауға шақырды. Еуропа елдерінде, сондай-ақ Ресейде дерттің жаңа өршуі байқалады. Егер алматылықтар санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтамаса және вакциналануды жалғастырмаса, онда КВИ дертінің жаңа толқынының қайталану қаупі сақталады.


Бүгінде инфекциялық стационарларда 664 адам, оның ішінде 16 бала бар. Пациенттердің жалпы санының 27-сінің жағдайы өте ауыр, 307-сі ауыр, 330-ы орташа ауыр жағдайда. 1 227 пациент үйде АМСК-тің мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының бақылауында.


17 қарашада КВИ-ге қарсы вакцинаны 1 013 983 адам алды. Pfizer Comirnaty вакцинасымен 12 қарашадан бастап 3 240 адам екпе алды, оның ішінде 914 бала емізетін және 334 жүкті, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі 1 992 бала.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,438 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.