ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды мектеп оқушылары...

Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды мектеп оқушыларын қорғау үшін екпе алуға шақырады

Әлеумет 11.08.2021, 17:35 1,443
Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды мектеп оқушыларын қорғау үшін екпе алуға шақырады
almaty-akshamy.kz
Офлайн форматта басталуы тиіс жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылар мен студенттер арасында жұқтырудың алдын алу үшін екпе алу өте маңызды. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға осындай үндеу...


Офлайн форматта басталуы тиіс жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылар мен студенттер арасында жұқтырудың алдын алу үшін екпе алу өте маңызды. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға осындай үндеу жолдады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz




Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде қала әкімі қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы айтты. 11 тамыздағы жағдай бойынша 115 060 коронавирус инфекциясы тіркелді, оның ішінде 95 087 науқас симптомды, 19 973 жағдай – симптомсыз, 2 104-і анықталмаған пневмония жағдайы.



10 тамызда коронавирус инфекциясының 1 493 жағдайы тіркелді, оның ішінде 1 397 жағдай симптомды. Анықталмаған пневмония – 7 жағдай. Тәуліктік өсім - 1,2%. Репродуктивті саны – 1,010.


Жалпы қуаттылығы 8 910 төсек-орын болатын инфекциялық стационарларда 5 474 адам, оның ішінде 216 бала емделуде. Ковидті клиникалардағы 228 науқастың жағдайы - өте ауыр, 1 575-інікі - ауыр, 3 671-інікі - орташа ауыр. ЖИТБ-де барлығы 407 пациент бар, ӨЖЖ аппаратында – 58, инвазивті емес ӨЖЖ аппаратында - 170, High flow - 161 аппарат.



Бүгінде 11 908 науқас АМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарының үй бақылауында, олардың 539-ы симптомсыз, 10839-ы жеңіл, 251-і орташа ауырлықта. Стационарлық науқастардың жалпы санынан 1 220 науқас инфекциялық стационарлардан шығарылып, амбулаториялық бақылауға және оқшаулануға жіберілді.



Жұқтырудың өсуінің себебі – тұрғындар қырағылығының жалпы төмендеуі, COVID-19 дельта вирусының тез жұғуы және отбасылық іс-шаралардың ұйымдастырылуы. 20-39 жас аралығындағы жастар арасында жұқтыру 1,6%-ға және 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдерде 0,4%-ға өскен. Бұл олардың үлкен мобилділігінен және маска режимін елемеуінен,өзгелермен жиі байланыста болуынан.


Үкіметтің тапсырмасына сәйкес медициналық қарсы көрсеткіштері барларды қоспағанда, мұғалімдер мен техникалық персоналды 100% вакциналау 25 тамызға дейін жүргізілуі тиіс. Бұл ретте Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев ата-аналар да балаларының қауіпсіздігін ойлап, екпе салдыратынына сенімді.


Қазіргі уақытта СЭБД мамандарымен бірге мектептердің дайындығы тексерілуде. 20 тамызға дейін кварцтеу, дезинфекциялау, маска режимі мен күнделікті термометриядан тұратын санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеру аяқталуы тиіс. Мектептер мен балабақшалар Ashyq жобасына 100% қосылған және 1 қыркүйектен бастап жүйеде жұмыс жасауға дайын. Жүйе барлық оқу орындарында енгізілген, мұғалімдер, қызметкерлер және ата-аналарға осы жүйе бойынша ішке ене алады.



Алматы қаласының білім беру жүйесінің қызметкерлері, оның ішінде білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы, «Алматы дарыны» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау мен қолдау орталығы, қалалық дене шынықтыру мен спорттың оқу-тәжірибелік орталығы, мемлекеттік балабақшалар мен мектептер, колледждер, интернаттар, қосымша білім беру ұйымдары 100% вакциналанған. Бұл ұйымдарда барлығы 36 825 адам жұмыс істейді, 32 113 адам вакциналауға жатады.



Сондай-ақ, жеке балабақшалардың ұжымдары - 100%, жекеменшік мектептер - 85%, қосымша білім беретін жеке ұйымдар 58% екпе салдырған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.