ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты кезекті сот оты...

Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты кезекті сот отырысы кейінге қалды

Оқиға 27.10.2022, 12:16 974
Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты кезекті сот отырысы кейінге қалды
Сурет: Ашық дереккөз
Адвокат судьяға сот отырысын келесі аптаға ауыстыру туралы жазбаша өтініш түсірген

Адвокат судьяға сот отырысын келесі аптаға ауыстыру туралы жазбаша өтініш түсірген


Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы кейінге қалды. Бұған оның адвокатының сот отырысына қатыса алмайтыны себеп болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бүгін, 27 қазанда Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтуі тиіс еді. Алайда, отырыс өткен жоқ. Бұған Бақытгүл Хаменованың адвокаты Игорь Вранчевтің денсаулығына байланысты сот отырысына келмей қалуы себеп болды. Адвокат судьяға сот отырысын келесі аптаға ауыстыру туралы жазбаша өтініш түсірген.


Айта кетсек, облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, биылғы 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексі 366-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодесі 367-бабының 2-бөлігімен «Б» ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс түсті.


Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына 2020 жылғы наурызда тағайындалған еді.
Былтырғы желтоқсанда ол тергеу изоляторына қамауға алынды.


Осыған байланысты биылғы тамызда облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылды.
Ал, 11 тамызда Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы басталды. Оның ісі Атыраудағы №2 қалалық сотта қаралып жатыр. Айыптау актісі 55 беттен тұрады.


Алғашқы сот отырысында Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.
Сот отырысы 6 қыркүйекте қайта жалғасып, облыс әкімінің бұрынғы орынбасары жіберген қателігі туралы айтты.
Бұдан кейінгі сот отырысында басқарма басшысы оған жала жапқаны туралы айтқан еді.


Кейін Бақытгүл Хаменова тағы да тергеу изоляторынан үй қамаққа жіберілмегенін жазған едік.
Енді Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сот отырысы келесі дүйсенбіде, 31 қазанда сағат 10:00-де өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,284 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.