Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бақбақ тамыры обырды емдей ме?

Бақбақ тамыры обырды емдей ме?

Әлеумет 06.07.2023, 08:20 2,145
Бақбақ тамыры обырды емдей ме?
Сурет pro-dachnikov.com алынды


Әлеуметтік желілерде бақбақ тамыры 48 сағат ішінде обыр жасушаларының 98%-ын жоя алады деген жалған ақпарат тарауда.






Бақбақ тамыры – әртүрлі мәдениеттердің халықтық медицинасында өте танымал құрал. Оның үстіне, оны пайдалануға да негіздер болады. Ғалымдар зертханалық зерттеулер жүргізу арқылы бақбақ жапырағы мен тамыр сығындысының қабынуға қарсы, диуретикалық, антикоагуляциялық және антиоксидант ретінде пайдасын дәлелдей алды.


Бақбақ тамырының сығындысы қатерлі ісікке қарсы дәрі ретінде де зерттелді. Ғалымдар бұл затты меланома, ұйқы безі қатерлі ісігі, колоректальды қатерлі ісік және лейкемия жасушаларында сынап көрді. Сығынды перспективті нәтижелер көрсетті, ол обыр жасушалардың өсуін тежеп, бұрыннан бар жасушалардың санын азайтқан.


Дегенмен, бақбақ тамыры сығындысының қатерлі ісікке қарсы тиімді дәрі болмауына бірнеше себеп бар. Біріншіден, зерттеулердің көбі жасуша желілеріндегі түтікшелерде жүргізілген. Яғни, заттың тірі ағзада қалай әрекет ететіні және тиімді болуы үшін оны қалай қолдану керектігі туралы мәлімет жоқ.


Екіншіден, сығынды шағын еріктілер топтарында немесе жануарларда қолданылған зерттеулерде оның ауыр жанама әсерлері тіркелген. Ғалымдар бақбақ тамырының сығындысы енгізілген жетілмеген егеуқұйрықтарда сүт безі қатерлі ісігінің гормонға сезімтал жасушаларының көбеюін байқаған. 


Қанның қатерлі ісігі бар еріктілерге жүргізілген эксперименттерде бақбақ тамырының сығындысы өмірге қауіп төндіретін бірқатар жағымсыз реакциялар тудырған. 


Сондай-ақ сығынды кейбір дәрі-дәрмектермен реакцияға түсіп, жағымсыз әсерлер тудыруы ықтимал екендігі атап өтілді.


Үшіншіден, қатерлі ісікке шалдықпаған науқастарда да бақбақ қайнатпалары мен тұнбаларынан ауыр жанама әсерлер болуы мүмкін. Мысалы, созылмалы бүйрек ауруы бар 56 жастағы ер адамда бақбақ шайын шамадан тыс ішу салдарынан саусақ некрозы болған. Ол жарты жыл бойы күн сайын 10-15 кесе шай ішкен.


Сондай-ақ ғылыми әдебиеттерде бақбақ сығындысы бар препаратты арықтауға арналған қоспамен бірге ішкен 33 жастағы әйелдің жағдайы сипатталған. Мұның салдарынан онда геморрагиялық цистит дамыған. 


Құрамында бақбақ шөбі бар препараттарды шамадан тыс пайдаланғанда көбінесе күйдіргі және жеңіл диарея болады. 


Бұл бақбақтың қатерлі ісікті емдеудегі тиімділігі бойынша зерттеулер тоқтатылды дегенді білдірмейді. Керісінше, ғалымдар өсімдікті осы салада қолдануды белсенді зерттеу үстінде. Бірақ бүгінде оны онкологияны емдеуде қолданудың тиімді және қауіпсіз әдістері сипатталмаған. Демек, мұндай терапия әдісіне сенім артуға болмайды. Сонымен қатар бақбақ тамыры кез келген қатерлі ісік жасушаларының 98%-ын 48 сағатта жоятыны атап көрсетілгендеген ғылыми зерттеулер жоқ.


 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бақбақ #обыр #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.