AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / БАҚ саласының үздіктері «URKER-2022» ұлттық бәйгес...

БАҚ саласының үздіктері «URKER-2022» ұлттық бәйгесінде бақ сынай алады

Хабарлама 30.09.2022, 10:33 1,208
БАҚ саласының үздіктері «URKER-2022» ұлттық бәйгесінде бақ сынай алады
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

«URKER – 2022» ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды.


Байқау баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтауға бағытталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен мәлім еткендей, байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.


Өтінімдер 30 қыркүйек – 19 қазан күндері қабылданады.


Конкурсқа жолданатын жұмыстар 2021 жылғы 2 маусым 2022 жылғы 29 қыркүйек аралығында баспа басылымында, интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс.


Әр үміткер бәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы.
Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 10 номинация бойынша қабылданады:
1. Жылдың үздік сұхбаты
2. Жылдың үздік репортажы
3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі
5. Жылдың үздік аналитикалық материалы
6. Халықаралық тақырыптағы үздік материал
7. Жылдың үздік жаңалықтар порталы
8. Радиостанциядағы үздік жоба
9. Жылдың үздік фотосуреті
10. Үздік өңірлік БАҚ


Арнайы премиялар:
1. Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия (баспа БАҚ-тағы жоба)
2. Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия (авторлық жоба)
3. Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия (интернет БАҚ-тағы жоба)


Жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен медиасарапшылар енген тәуелсіз қазылар алқасы бағалайтын болады.
Әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, «URKER - 2022» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сый табысталады.
Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үркер #ұлттық бәйге #Өтінім қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);