AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Банкроттыққа қатысты ақпаратты қайдан алуға болады...

Банкроттыққа қатысты ақпаратты қайдан алуға болады?

Керек кеңес 11.01.2023, 05:01 1,481
Банкроттыққа қатысты ақпаратты қайдан алуға болады?
almaty-akshamy.kz


Өзін банкрот деп жарияламақ болған қазақстандықтар толық ақпаратты қайдан біле алады? Бұл сауалға Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Өткен жылы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға қол қойылды. Аталған құжат биыл 1 қаңтарда ресми түрде жарияланып, 3 наурыздан бастап банкроттық туралы өтініштерді қабылдау басталады.



«Қазір ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар жүріп жатыр. Алдымен БАҚ және қызмет көрсету орталықтарында ақпараттық сүйемелдеу ұйымдастырылуда. Банкроттыққа қатысты тиісті ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Министрлік пен оған бағынысты ведомстволардың сайттарында түсіндіру ақпараты орналастырылып, азаматтарға SMS таратылып жатыр. Сондай-ақ, азаматтар қызмет көрсету орталықтары арқылы кеңес алуына болады. Оларға банкроттық заңның негізгі ережелері түсіндіріліп, жадынама таратылады», - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.



Одан бөлек, министрдің айтуынша, қазір «Азаматтарға арналған үкімет» байланыс орталықтары және мемлекеттік кірістер комитеті арқылы түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Жыл басталғалы 4 және 5 қаңтарда 570 адам банкроттыққа қатысты кеңес алған.



«Әкімдіктер де мемлекеттік органдардың өңірлік бөлімшелері, банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары және халықты жұмыспен қамту орталықтары басшыларының қатысуымен азаматтардың банкроттық рәсімдерін ұйымдастыру бойынша кеңестер өтуде. Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері оқып жатыр. Күн сайын «Азаматтарға арналған үкімет» және мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлерімен бірге онлайн-конференциялар өткізіледі, онда заң нормалары түсіндірілуде, сондай-ақ азаматтардан келіп түсетін проблемалық мәселелер талқылануда», - дейді ол.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #азамат #Банкрот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);