AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Банкрот» болған адам кредит ала ала ма?

«Банкрот» болған адам кредит ала ала ма?

Әлеумет 30.01.2023, 13:00 1,507
«Банкрот» болған адам кредит ала ала ма?
Сурет: Ашық дереккөз

Реестрде 7 жыл бойы «банкрот» деген мәртебе тіркеліп тұрады.


«Банкрот» атанған адам 5 жыл бойы кредит ала алмайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.


Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов азаматтарға банкроттықтың қандай салдары болатынын түсіндіріп берді.


Сот банкроттығын және соттан тыс банкроттық рәсімдерін қолданатын азаматтар:


•      5 жыл ішінде банктерден және микроқаржы ұйымдарынан кредиттер ала алмайды (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа);


•      олар 7 жылдан кейін ғана қайта банкроттыққа жүгіне алады;


•      олардың қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін үш жыл бойы тексеріледі.



Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезінде мұндай салдар болмайды. Сондықтан азамат өзін банкрот деп жарияламас бұрын, ықтимал салдары мен шектеулер туралы ойлану керек, - деп түсіндірді вице-министр ОКҚ-да.



Біржанов қазақстандықтарға тағы бір мәселені ескертті.



Реестрде 7 жыл бойы «банкрот» деген мәртебе тіркеліп тұрады. Банктер және басқа да ұйымдар бұл ақпаратты ала алады. Сондай-ақ оны кеңінен пайдалана алады деп ойлаймын. Себебі 7 жылдан кейін банкроттық мәртебесі өтсе де, банк 7-10 жылдан кейін кредит беру не басқа мәселе бойынша азамат туралы мәліметті алып, оң емес шешім қабылдауы да мүмкін, - деп айтты ол.



Қаржы вице-министрі азаматтарға банкроттық соңғы шешім болуы керегін тағы бір мәрте ескертті.


Сонымен қатар Біржанов азамат өзін банкрот деп жариялауға өзі ғана шешім қабылдауы керегін айтты. Сөзінше, банктер немесе кредиторлар жеке тұлғаны «банкрот» деп тану үшін еш жерге арыз бере алмайды.


Борышкердің өзі ғана өзін банкрот деп тани алады;
Сот банкроттығы кезінде кредиторлардың мүдделері борышкердің мүлкіне бағытталған;
Сот банкроттығының кез келген кезеңінде борышкер мен кредиторлар қарыздарды ерікті түрде төлеу туралы бітімгершілік келісім жасасуға құқылы.


Борышкер банкроттыққа дейін 3 жыл ішінде кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мәселесін тексереді: мүлікті сатты, сыйға тартты, жасырды немесе жойды;
Төлем қабілеттілігін бес жылдан аз уақыт ішінде қалпына келтіруге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Банкроттық #несие #қаржы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);