Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Банк мамандары өткен айда теңге нығайғанын айтты

Банк мамандары өткен айда теңге нығайғанын айтты

Әлеумет 01.11.2022, 07:44 876
Банк мамандары өткен айда теңге нығайғанын айтты
Сурет: Zhaikpress.kz

Ұлттық валюта 1,7%-ға нығайды. 


Қазан айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 468,23 теңгеге дейін 1,7%-ға нығайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап. 


Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 91 млн АҚШ долларынан 121 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,4 млрд АҚШ долларын құрады.


Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы өткен айда шамамен 528,6 млн АҚШ долларын құрады. Квазимемлекеттік сектор компаниялары екінші деңгейлі банктер арқылы валюта нарығында сатуды өз бетінше жүзеге асырады.


Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату қазанда 362 млн АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 15%-ын және күніне 30 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады.  


Ұлттық қордан валютаны сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде Ұлттық Банк нарықтық трендті қалыптастыруға араласпау қағидатын ұстанып, «price-taker» қалпында қалатынын атап өткен жөн. Осылайша, валюта нарығындағы қазіргі жағдайларды сақтау мақсатында Ұлттық Банк валютаны сатуға өз өтінімдерін бермегенмен, нарыққа қатысушылар берген бұрыннан бар өтінімдерді қанағаттандырады. Бұл тәжірибе Ұлттық қордан валюта нарығына операциялардың тигізетін әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.


Қазан айында Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізбеді, сондай-ақ БЖЗҚ зейнетақы активтері мен сенімгерлік басқарудағы басқа қорлар үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша операцияларды жүзеге асырмады.


Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады. Ұлттық банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теңге #Қазақстан #банк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Бүгін 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Бүгін 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Бүгін 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Бүгін 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.