ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Банк картасына байланысты алаяқтықтың алдын алуға...

Банк картасына байланысты алаяқтықтың алдын алуға бола ма?

Өмір-өзен 18.01.2022, 06:46 1,791
Банк картасына байланысты алаяқтықтың  алдын алуға бола ма?
Сурет: SKnews.kz
Банк картасы – қазіргі заманғы адамның ажырамас атрибуты. Бірнеше қорғаныш дәрежесінің болуына және оның сенімділігіне қарамастан, алаяқтар халықтың деректері мен ақшасын иемденіп кетіп жатыр.

Банк картасы – қазіргі заманғы адамның ажырамас атрибуты. Бірнеше қорғаныш дәрежесінің болуына және оның сенімділігіне қарамастан, алаяқтар халықтың деректері мен ақшасын иемденіп кетіп жатыр.


Соңғы уақытта алаяқтар азаматтарға хабарласу кезінде Алматыда болған қайғылы оқиға кезінде банктердің кейбір бөлімшелеріне тонаушылардың кіргенін пайдалануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.


Агенттік мамандарының айтуынша, картаңыздың нөмірін, атыңыз бен тегіңізді, ЖСН-ды ғана біліп, алаяқтар одан ақшаны ала алмайды. Оларға мынадай қосымша ақпарат қажет: картаның қолданыс мерзімі және қауіпсіздік коды (мысалы, VISA карталары үшін CVV-код немесе MasterCard карталары үшін CVC-код). Егер алаяқтар банктен сіздің телефоныңызға SMS түрінде келіп түсетін хабарламалардағы немесе PUSH-хабарламалардағы біржолғы кодтарды біліп қойса немесе онлайн-банкингтің логині мен құпиясөзін алып қойса, сонда олар сіздің картаңызбен кез келген операцияны кедергісіз жасауға мүмкіндік беретін ақпарат ала алады.


Соңғы уақытта алаяқтар азаматтарға хабарласу кезінде Алматыда болған қайғылы оқиға кезінде банктердің кейбір бөлімшелеріне тонаушылардың кіргенін пайдалануда. Енді алаяқтардың айтуынша, қарапайым азаматтардың жеке деректері мен банк карталарының деректемелері үшінші тұлғалардың қолына түсіпті-мыс. Енді оларды қайтадан қауіпсіз ету үшін оларға телефонға келген кодты айту қажет.



«Банктің тарапынан қандай да бір іркіліс болған жағдайда не клиенттің шоты бойынша күмәнді операциялар жасалса, банк мамандары ешқашан клиенттен қандай да бір кодтарды сұрамайды. Қауіпсіздік регламенті бойынша банк клиенттің картасын не шотын бұғаттап, клиентке бұл туралы SMS немесе мобильдік қосымша арқылы хабарлайды, не банктің байланыс-орталығы күмәнді әрекеттер жайында хабарлайды. Қандай да бір күмән туындаған жағдайда клиенттің өзі әрқашан да банктің call-орталығына немесе бөлімшесіне жүгінеді және қаржы ұйымының «қауіпсіздік аймағында» бола алады», - дейді ҚНРДА киберқауіпсіздік басқармасының бастығы Роман Перминов.



Егер сізге банктен-мыс қоңырау шалса, тұтқаны қойып, жаңалықтардан тексеріп алыңыз, қажет болған жағдайда, банкке хабарласыңыз.


Мамандар қандай кеңес береді?



  • Сіз жасамаған операцияларды бақылау үшін мобильді банк пен SMS-хабарландыруды қосыңыз. Осылайша сіз алаяқтардың әрекеттеріне жедел ден қоя аласыз және бұл жағдайда уақыт өте маңызды.

  • Өзіңізбен бірге алып жүретін және күнделікті шығындар үшін пайдаланатын картада ірі көлемдегі ақшаны сақтамаңыз. Қажет болса, негізгі шоттан немесе депозиттен ақша аударған дұрыс немесе Интернетте сатып алу үшін жеке төлем немесе виртуалды карта ашқан дұрыс.

  • Қарт туыстарыңызға алаяқтардың айла-амалдары туралы айтыңыз, өйткені көбінесе солар қаскүнемдердің нысанасына айналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.