AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Баласын аяусыз ұрып-соққан әйел қамалды

Баласын аяусыз ұрып-соққан әйел қамалды

Оқиға 19.01.2026, 10:39 905
Баласын аяусыз ұрып-соққан әйел қамалды
скриншот

Желіде тараған баланы тепкілеп, ұрып-соққан әйел полицияға жеткізілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеода әйел мектеп жасына толмаған баланы батареяға тіреп, аяусыз сабалаған. Оған қоса тепкілегені де анық көрінеді.

Пәтерде бұдан бөлек тағы үш бала бар. Алдын ала мәлімет бойынша, жауыздық танытқан келіншек бүлдіршіндердің туған анасы. Көптің ашуын келтірген бейнежазбаны әкесі түсіріп, желіге таратқан көрінеді.

Заңгер Жанерке Кеңесбаеваның сөзінше, оның жолдаған өтініші негізінде бейнежазбадағы әйел мен видеоны түсіріп тұрған ер адам Панфилов ауданы полиция басқармасына жеткізілген.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 28 жастағы әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ал, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мән-жай анықталғанға дейін олар Отбасын қолдау орталығына уақытша орналастырылды.

Сонымен қатар, қамқоршылық және қорғаншылық органдарына ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарастыру туралы ресми ұсыныс жолданған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жетісу облыстық полиция департаменті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);