AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Balapan» продюсері балалар контенті үшін телеарн...

«Balapan» продюсері балалар контенті үшін телеарналар уақыт бөлуі керек деген ұсыныс білдірді

Әлеумет 21.10.2021, 06:06 1,398
«Balapan»  продюсері балалар контенті үшін телеарналар уақыт бөлуі керек деген ұсыныс білдірді
Сурет: Balapan.tv

«Balapan» арнасының продюсері балаларға арналған контент құру мәселесін көтерді


«Balapan» телеарнасының бас продюсері Сандуғаш Кенжебаева телеарналар балаларға арналған контентке кем дегенде екі сағат эфир уақытын бөлуі керек деп санайды. Мұндай ұсыныс Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Balapan» - жаңа туған сәбиден бастап 8 жасқа дейінгі балаларға арналған телеарна. Баланың санасы тал бесіктен мектеп табалдырығын аттағанға дейін қалыптасады. Сондықтан, «Balapan»-ның бала тәрбиесіндегі орны орасан. Дегенмен, бір арна барлық баланы қамтуы мүмкін емес. Осыған орай менің бірнеше ұсынысым бар. Біріншіден, бүкіл әлем төл тарихын анимация арқылы танытып отыр. Бұл - туризмді дамытудың да алғышарттарының бірі. Біз, Ассамблеяның Аналар кеңесімен бірлесіп әлеуметтік танымдық роликтер түсіріп, халқымыздың тарихын, мәдениетін танытатын анимациялық жобалар жасауды жоспарлап отырмыз. Бүгінде біздің арна эфирінің 80 пайызын анимациялық өнім толтырып отыр. Оның 30 пайызы ғана - төл өнім, қалған 50 пайызын шетелдік мультхикаялармен толтыруға мәжбүрміз», - деді ол.



Осы орайда телеарнаның бас продюсері ел Президентінен «Balapan»-ның анимациялық жобалар өндірісін арттыруға ықпал етуді өтінді.



«Екіншіден, Қазақстанда 9-дан 18 жасқа дейінгі балалар көретін арна жоқ. Яғни, жасөспірімдердің танымын қалыптастыратын сенімді платформа жоқ деуге болады. Сондықтан, мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін телеарналар балаларға арналған контентке кем дегенде екі сағат эфир уақытын бөлуді сұраймыз»,- деді Сандуғаш Кенжебаева. 



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Балапан #балалар #контент #эфир
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);