ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Балалықтан даналыққа басталған жол

Балалықтан даналыққа басталған жол

Мәдениет 26.07.2024, 14:28 1,347
Балалықтан даналыққа басталған жол
aqshamnews.kz
Қылқалам шебері Жанұзақ Мүсәпір – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ЮНЕСКО бейнелеу өнері қоғамының мүшесі, ҚР көркем академиясының академигі және вице президенті, журналист, суретші....

Қылқалам шебері Жанұзақ Мүсәпір – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ЮНЕСКО бейнелеу өнері қоғамының мүшесі, ҚР көркем академиясының академигі және вице президенті, журналист, суретші. Еліміздің ерекше суретшісі қазақ халқының тұрмыс- тіршілігін, әдебиеті мен мәдениетін, әні мен жырын бейнелейді. Оның туындылары ұлы даланы шынайы танытады.

 

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің…»

 

Жанұзақ Мүсәпір бала кезінен өнерге жақын болды. Әкесі ұста­лықпен айналысқан. Сол себепті, суретші де жастайынан әкесімен бірге қамшы өріп, ат әбзелдерін даярлап тірлікке етене араласып кетеді. Сонымен қатар, анасының арқасында алаша тоқуды меңге­реді. Бейнелеу өнеріне деген ма­хаббатқа осы факторлар да түрткі болған. 6 жасынан жоғары оқу орнына түскенше, дәл осылай ауыл мектебінен жетілген. Су­ретші өзінің кіндік қаны тамған жерге де еңбегін сіңірген. Жоғары білімін алған соң, туған жеріне оралған. 7 жылға жуық уақыт ұс­таз болып, ауыл балаларын тәр­биелеген. Осылайша өзінің бар білгенін үйретіп, мықты шәкірт­терді өмір бәйгесіне қосты.

 

Ұлы адамдардың портретін қалыпқа келтіру

 

Суретшіліктен бөлек, ақпарат саласында бірнеше жыл қызмет атқарды. Сол арқылы, көрермен мен суретшілердің арасында ал­тын көпір болды. Өзінің авторлық «Інжу-маржан» бағдарламасында суретшілердің туындыларын, өмірлері мен болмысын көрсетті. Өзінің де алға қойған мақсаты қазақтың өнерін дәріптеу еді. Сонымен қатар, ұстаздықты тас­таған емес. Тұран-Астана универ­ситетінің доценті Жанұзақ Мүсәпір шәкірттеріне өте жақын. Оларға бар білгенін үйретіп қана қоймай, бірге көрмелерге барады. Осы кезге дейін 20-ға жуық жеке көрмесін өткізген. Бірнеше көр­месі шет елдерде өтті. Суретшінің көптеген туындылары қазақтың ұлы тұлғаларына арналған. Соң­ғы 15 жылда тарихта есімдері қалған тұлғалардың портреттерін қалыпқа келтірумен айналысып келеді. Бірнеше туындысы өзі ашылуына атсалысқан «Анаға құрмет» музейіне қойылған.

 

«Құдіретті қылқалам»

 

Бұл бағдарлама бүкіл Қазақстанды қамтуда. Бағдарлама ая­сында Атырау, Өскемен, Шым­кент, Түркістан, т.б. қалаларға суретшілерді іздеп барды. Негізгі мақсаты – түкпір-түкпірдегі аты шықпаған суретшілерді таныту. Туындыларын халыққа паш ету. Адамдардың ондай өнер иелерінің бар екенін көргенін қалады. Өзі суретші болғандықтан, өзге де су­ретшілерді жақсы түсінді. Бола­шақта да осы мақсатқа бар күшін салары анық. Бұл да бір қазақ өнеріне қосқан үлкен үлес.

 

Суретші – жақсылықты көруші

 

Қоғамда суретшілер көп бол­са, еш жамандық болмас еді. Се­бебі, бұл адамдар тек әдемілік пен жақсылықты көреді. Олар­дың көзқарасы қарапайым адам­дардан өзгеше. Өзгелер көрме­генді көріп, байқамағанды байқайтын қасиеті бар. Алайда, ол үшін де білім керек екені анық. Жанұзақ Мүсәпір өзінің әр туын­дысын салмас бұрын көп ізде­неді. Оның тағы бір себебі, тарих­ты зерттеуге деген құлшыныс.

 

Бекзат өнердің бағбаны

 

Суретшінің соңғы туындысы­на Абай Құнанбайұлының 33 қара сөзі түрткі болған. Ол жерде: «Егер де мал керек болса, қолө­нер үйренбек керек. Мал жұтай­ды, өнер жұтамайды. Алдау қос­пай адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың әулиесі сол. Бірақ құ­дай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады» делінген. Жазушы да осы сөздермен толықтай келіседі. Оның ойынша ұлы Абайдың бұл қара сөзі бейнелеу өнері, шебер, зергерлердің нақ артықшылығын айқындайды. «Балалықтан дана­лыққа жол» туындысында әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі бейнеленген. Суреттің атауы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясына ұқсатып қойылған.

Абай жолы қалай халыққа үлгі болса, «Балалықтан даналыққа жол» туындысы да үлгі болсын деген ниетпен қойылған. Бастап­қыда әл-Фараби жолы деп атамақ болған еді. Алайда, ұлы ғұлама­ның балалық шағынан, дана бол­ғанға дейінгі сәттері бейнеленетін болғандықтан атауы өзгертілді. Картинаның биіктігі 180 см, ал ұзындығы 11500 см құрап отыр. Жалпы, туынды 5 картинадан (по­липтих) тұрады. Суретші топтаманы салуға жеті жыл уақытын жұм­сады. Топтама Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық ме­рейтойына сәйкес келді. Топтама Каир қаласынан бастап, Алматы, Талдықорған, Астана, Анкара, Дамаск қаласында таныстырылды. Полиптихтағы әр суреттің өзіндік мағынасы бар. Бірінші картинада, кітап оқып отырған бала әл-Фара­би бейнеленген. Айналасындағы асық ойнаған балалар, түйе сауып жатқан келіншектер нақ ұлы дала­ны білдіреді. Екінші картинада көптеген қалаларды байқауға бо­лады. Яғни ғұламаны даналыққа жетелеген қалаларды көреміз. Әлемнің екінші ұстазының білім алу мақсатымен Самарқан, Шам, Бұқара, Шаш, Ташкент қалаларын­да болғанын білдіреді. 

Сонымен қатар, картинада Ұлықбек обсерваториясын, Оты­рар теңгесін, балбал тасты байқау­ға болады. Суретшінің пікірінше, ғұламаның осы қалаларда алғаш­қы трактаттары жазылып, білімге деген құштарлығы артқан.

Үшінші картинада – ғұлама өмір сүрген Мерв қаласы. Дәл осы суреттен музыка өнері мен зер­герлік өнер байқалады. Түркі­меннің тарихи кітапханасы осы қалада орналасқан. Суретте әл-Фа­рабидің Хамаданнан алған білімі, Мешхедтегі мектебі Нишапурмен жалғасқаны туралы айтылады.

Төртінші картинада – Бағдат қаласы. Тап осы қалада «Музыка­ның үлкен кітабын» және басқа да еңбектерін жазған болатын. Көкте рухты көтеретін қаршыға белгіленген. Бұның өзінде терең мағына жатыр.

Соңғы картинада ғұламаның соңғы демі шыққан қала бейне­ленген. Дамаскінің шығыс қақпа­сында әл-Фарабиді тосып тұрған адамдар тұр. Топтама халық пен ойшылдың көріскен жерінен аяқ­талады. Ғұламаның кесенесі осы қалада орналасқан.

Әл-Фараби сияқты ұлы ғұла­маны қайта тірілткен бұл туынды биыл ҚР Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы Мемле­кеттік сыйлыққа ұсынылып отыр. Бұл өте орынды шешім. Себебі, суретшінің негізгі мақсаты – та­рих пен мәдениетті қайта жаң­ғырту. Сондықтан бұл атаққа әб­ден лайықты деп есептейміз. 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.