AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңн...

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Әлеумет Бүгін 14:38 54 yakiya
Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі «Жан-Сая» дағдарыс орталығымен бірлесіп журналистер үшін баспасөз турын ұйымдастырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара барысында БАҚ өкілдері 2017 жылдан бері қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға қолдау көрсетіп келе жатқан мекеменің жұмысымен танысты.

Орталықта тоғыз жыл ішінде 3408 адам көмек алған, олардың ішінде 1179 әйел және 2229 бала бар. Мамандар тарапынан 6 мыңнан астам психологиялық және шамамен 3 мыңға жуық заңгерлік кеңес берілген, сондай-ақ зардап шеккен азаматтарды қалпына келтіру мен әлеуметтік бейімдеуге бағытталған кең ауқымды әлеуметтік қызметтер көрсетілген.

Дағдарыс орталығының директоры, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Зүлфия Байсақова орталықтың дамуы мен негізгі бағыттары туралы айтып берді.

«Бастапқыда біз орталықты құрған кезде көмекке жүгінетін әйелдер мен балалар саны аз болады деп ойлаған едік. Бірақ жағдай мүлде басқаша болып шықты. Бүгінде осы тоғыз жылдың ішінде 3 мыңнан астам адам оңалту және әлеуметтік бейімделуден өту мүмкіндігіне ие болды», - деді ол.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстандағы дағдарыс орталықтарының моделі әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жүйесінің маңызды бөлігіне айналған. Бұл орталықтардағы мамандардың жұмысы адамға психологиялық тұрғыдан қалпына келуге, өзіне деген сенімділікті қайта табуға және дербес өмірге оралуға көмектесуге бағытталған.

Орталықта зорлық-зомбылықтың куәсі болған балаларға да ерекше көңіл бөлінеді.

«Біз жүргізген зерттеу әрбір алтыншы баланың зорлық-зомбылықтың куәгері болатынын көрсетті. Сондықтан адамдардың осындай орталықтардың бар екенін білуі және мұнда көмек тегін көрсетілетінін түсінуі өте маңызды», - деп атап өтті орталық басшысы.

Бүгінде орталық сегіз түрлі арнайы әлеуметтік қызмет түрін көрсетеді. Көмек алушылар уақытша қауіпсіз баспанамен, психологиялық және заңгерлік кеңеспен, әлеуметтік қызметкерлердің қолдауымен, медициналық көмекпен, сондай-ақ жұмыспен қамтуға және әлеуметтік бейімделуге жәрдеммен қамтамасыз етіледі.

Орталықтың әлеуметтік қызметкері Ернар Тергеусіздің айтуынша, бір мезетте орталықта 52 адамға дейін - әйелдер мен балалар бірге тұра алады. Қызметтер тегін көрсетіледі, ал негізгі тұру мерзімі алты айға дейін созылады. Орталықтан шыққаннан кейін де мамандар қолдау көрсетуді жалғастырып, әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі.

Мамандардың айтуынша, орталыққа жүгінетін әйелдер арасында ең жиі кездесетін мәселелер - құжаттарды қалпына келтіру, ажырасу рәсімдері, алимент өндіріп алу, бастан өткерген зорлық-зомбылықтың психологиялық салдары, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық және экономикалық қиындықтар.

Орталық заңгері Гүлшара Сапарова орталық қызметкерлері тек тікелей көмек көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге заңнаманы жетілдіруге қатысып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істейтінін атап өтті.

Баспасөз туры барысында журналистер орталықтың психологтарымен, заңгерлерімен, әлеуметтік қызметкерлерімен және басқа да мамандарымен кездесіп, олардың күнделікті жұмысымен танысты.

Психолог Мадина Мағуияның айтуынша, әйелдердің эмоционалдық жағдайын қалпына келтіру жұмысы олар өздерін қауіпсіз сезіне бастағаннан кейін басталады.

«Алғашқы екі-үш күнде біз әйелге бейімделуге мүмкіндік береміз. Одан кейін жеке терапия басталады, ол аптасына екі рет өтеді. Сондай-ақ топтық сабақтар өткізіледі, онда әйелдер жалғыз емес екенін түсініп, қолдау алып, ішкі тірегін қалыптастырады», - деді ол.

Оның айтуынша, жұмыс барысында арт-терапия және топтық қолдау әдістері кеңінен қолданылады, бұл күйзелісті жағдайды жеңуге және психологиялық жағдайды қалпына келтіруге көмектеседі.

Медициналық көмек алғашқы тексеруден және денсаулық жағдайын бағалаудан басталады. Медбике Назгүл Оңбаеваның айтуынша, қажет болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетіледі, ал шұғыл жағдайларда жедел жәрдем шақырылады.

«Көбінесе әйелдер дене жарақаттарымен, денесінде соққы іздерімен, кейде ми шайқалу белгілерімен түседі. Мұндай жағдайда біз бірден шұғыл медициналық көмекке жүгінеміз», - деді ол.

Сондай-ақ орталықта еңбек терапиясы мен дағдыларды тәжірибе жүзінде дамытуға арналған сабақтар өткізіледі. Әйелдер тігін ісін, қолөнерді және кейін қосымша табыс көзіне айнала алатын басқа да дағдыларды меңгереді. Балалар үшін білім беру және шығармашылық сабақтар, шеберлік сыныптары мен дамытатын бағдарламалар ұйымдастырылады. Баспасөз туры барысында балалар мамандармен бірге пицца дайындау бойынша аспаздық шеберлік сабағына қатысып, дайын өнімді журналистерге ұсынды.

Іс-шара барысында қатысушылар дағдарыс орталығы мамандарының уақтылы көрсеткен көмегі мен қолдауының арқасында қиын өмірлік жағдайларды еңсеріп, жаңа өмір бастауға мүмкіндік алған әйелдердің оқиғаларымен танысты. Олар қалпына келу, әлеуметтік бейімделу және дербес өмірге оралу тәжірибелерін бөлісті.

Орталық қызметіне жүгінгендердің бірі - алты баланы тәрбиелеп отырған Татьяна. Ол ажырасудан кейін және отбасындағы қиын жағдайға байланысты балаларымен бірге қауіпсіз баспана іздеуге мәжбүр болған. Қазір ол дағдарыс орталығында тұрып жатыр, тігінші болып жұмыс істейді, тапсырыстар қабылдайды және қаржылық тәуелсіздігін біртіндеп қалпына келтірген.

«Мен жұмыс істеймін, табыс табамын, тігін машинаммен тігіп, тапсырыстар қабылдаймын. Орталықтың және қызметкерлердің арқасында өз ісімді дамытып жатырмын. Мұндағы мамандар өте мейірімді, үнемі қолдау көрсетеді. Осында мен өз мәселеммен жалғыз қалмағанымды сезіндім», – деп бөлісті Татьяна.

Орталықта сондай-ақ Зехра есімді Ауғанстан азаматшасы тұрып жатыр. Ол балаларымен бірге күрделі өмірлік жағдайға тап болып, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген. Қазіргі уақытта мамандар оған қажетті құжаттарды рәсімдеуге және босқын мәртебесін алуға көмектесіп жатыр.

«Біз оның және балаларының Қазақстанда қауіпсіз өмір сүруі үшін бар мүмкіндікті жасап жатырмыз. Бұл ұзақ заңдық процесс, бірақ біз оның ісіне әр кезеңде қолдау көрсетіп, көмектесіп келеміз», - деді орталық директоры Зүлфия Байсақова.

Мамандардың айтуынша, орталықтың басты мақсаты - тек әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету емес, сонымен қатар олардың дербес өмірге қайта оралуына, құқықтарын қалпына келтіруіне және қоғамға бейімделуіне жағдай жасау.

«Біз адамдардың өз құқықтарын қорғау туралы түсінігінің артқанын байқап отырмыз. Әсіресе жас әйелдер зорлық-зомбылыққа шыдауды емес, өз құқықтарын қорғауды таңдайды. Бұл қоғамда зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетінің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді», - деп қорытындылады Зүлфия Байсақова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дағдарыс орталығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);