Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Балаларымыз – аманатымыз!»

«Балаларымыз – аманатымыз!»

Әлеумет 30.05.2023, 11:13 1,126
«Балаларымыз – аманатымыз!»
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «AMANAT» партиясы «Шин-Лайн» компаниясымен бірлесіп «Балаларымыз – аманатымыз!» республикалық қайырымдылық жобасын бастады.


Республика бойынша өтіп жатқан акция аясында ерекше назар мен қамқорлыққа мұқтаж бүлдіршіндерге жүйелі түрде қайырымдылық көмек көрсету жоспарлануда. Қайырымдылық жоба 20 өңірде өткізіліп, 8 мыңдай бала тәрбиеленіп отырған 100-ге жуық мамандандырылған мекемелерді қамтымақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Аталмыш акция аясында партияның Алматы қалалық филиалы мен «Шин-Лайн» компаниясының басшылықтары, қалалық мәслихат депутаттары және «Жастар рухы» белсенділері 4 мамандандырылған мекемеге барды. Мекемелерде ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, балаларға республика бойынша 10 мыңнан астам балмұздақтар таратылды. Бүгінде «Жанұя», «SOS Алматы Балалар ауылы», «Мейірім», «Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы» сияқты ұйымдарда тәрбиеленіп отырған бүлдіршіндер, «балмұздақ – жаздың ең дәмді нышаны» екенін тілге тиек етті.



«Осындай қайырымдылық жобалардың сөзсіз маңыздылығы зор. Балалар – бізге «AMANAT». Біз балаларымыздың өсіп, дамуына, өз әлеуетін жүзеге асыра алатын лайықты жағдайларды қамтамасыз етуге қолдау көрсетуіміз керек деп есептеймін. Сондықтан біз барлық кәсіпкерлерді жетім балаларға, сондай-ақ балаларды асырап алған немесе қамқорлыққа алған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуге шақырамыз», - деп мәлімдеді «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров.



Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар қоғамның назарын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың күнделікті мәселелеріне аударуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, «Шин-Лайн» компаниясы вафли стаканындағы «Мишка на полюсе» балмұздағының сатылымынан түскен пайданың 1%-ын балалар үйінде тәрбиеленетін балаларға көмекке бағыттайды.


Акция бастамашысы Андрей Шин, «Шин-Лайн» компаниясы тобының президенті және қалалық мәслихат депутаты, «Шин-Лайн» ― отбасылық бизнес болып табылатын жеке компания, сондықтан отбасылық құндылықтар бірінші орында тұрғандығын атап өтті, сондай ақ әрбір балаға қолдау көрсету үшін «AMANAT» партиясының тарапынан компанияға барлық өңірлермен бірден байланыста болуға мүмкіндік беретін акцияны қолдайтындығын, сонымен қатар балалар үйлерінде тәрбиеленетін жетім балаларды қолдау бағдарламаларын жүзеге асыратындығын» айтты.


Қазіргі таңда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге бағытталған ұйымда балалар санының азаюын байқауға болады. Статистикаға сүйенсек, бүгінгі күні Алматы қаласы бойынша 3366 бала асырап алу тізімнде тұр екен.


Қайырымды жандар, ұйымдастырған «Балаларымыз - аманатымыз!» науқаны жақсы үрдіске айналып, болашақта да елімізде жүйелі түрде өткізіліп отырады деген үмітте.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #қорғау #қайырымдылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.