ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Балаларға төлқұжат беруде халықаралық тәжірибені қ...

Балаларға төлқұжат беруде халықаралық тәжірибені қолдану ұсынылды

Әлеумет 28.12.2021, 10:58 1,246
Балаларға төлқұжат беруде халықаралық тәжірибені қолдану ұсынылды
almaty.today
Елімізде балаларға арналған төлқұжатты қолдану мерзімін қысқарту жағы қаралып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Елімізде балаларға арналған төлқұжатты қолдану мерзімін қысқарту жағы қаралып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Балаларға арналған төлқұжат беруде халықаралық тәжірибені ескере отырып, оның мерзімін қысқартуды ұсынамыз. Себебі балалардың сыртқы келбеті тез өзгереді. Яғни балалар төлқұжатын 12 жасқа дейін емес, 5 жасқа дейін етіп беріп, содан соң қайта ауыстырса. 12 жастан 16 жасқа дейін беріледі. Одан әрі төлқұжат пен жеке куәліктің жарамдылығы әдеттегідей 10 жыл болып қала береді. Сонымен қатар кәмелетке толмаған балаларға берілетін төлқұжат үшін мемлекеттік баж салығын 8 АЕК-тен (23 336 теңге) 4 АЕК-ке (11 668 теңге) дейін төмендету ұсынылады», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Смайлов Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында жасаған баяндамасында.


Оның айтуынша, қазақстандықтар жыл сайын 600-700 мың төлқұжат рәсімдейді екен. Оның 20%-ы балалар төлқұжаты.



«Соңғы 5 жыл ішінде елімізде 3 035 956 ересек азаматтарға арналған төлқұжат және 610 061 балалар төлқұжаты дайындалыпты. Балалар төлқұжатының мерзімін қысқартуға қатысты жоғарыда айтып өткенімдей, олардың сыртқы келбеті тез өзгереді. Яғни бала тез өседі де, 2-3 жылдан кейін төлқұжаттағы суреті дәл сол кездегі түріне сәйкес келмей жатады. Сол себепті кейде ата-аналарға жаңа төлқұжат жасатуға тура келеді. Бұл ата-ананың қалтасына жүк түсіреді, әсіресе, отбасында 2-3 бала болса», - дейді ол.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,182 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.