ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Балалар жылы / Балаларға арналған үздік жаңа әндер анықталды

Балаларға арналған үздік жаңа әндер анықталды

Балалар жылы 22.10.2022, 08:22 4,593
Балаларға арналған үздік жаңа әндер анықталды
Сурет: Qazaqstan.tv
Байқауға 109 ән келіп түсті.

Байқауға 109 ән келіп түсті.


Республика күні қарсаңында елордада Балалар жылына орай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жариялаған «Балдәурен» балаларға арналған әндер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.


Іс-шараға депутаттар, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері және елордалық мектеп оқушылары мен ата-аналар қатысты.


2022 жылдың басында жарияланған байқауға еліміздің барлық аймағынан 60-қа жуық автордан 109 ән келіп түсті. Қазылар алқасының шешімі бойынша, 109 әннің арасынан Сұлушаш Сұлтанованың «Қуыршағым» (сөзі Ғайни Дауылбаева), Думан Байтілеуовтің «Жау, жаңбыр!» (сөзі Бауыржан Ерман), Ұшқын Жамалбектің «Балапаным» (сөзі Айтбек Тұрсынбай), Бекжігіт Сердәлінің «Әңгелек» (сөзі Сабырхан Асанов) және Алтын Маханбетованың «Көкорай көктем» (сөзі Әбдірахман Асылбеков) әндері үздік деп танылды.



- «Балдәурен» байқауын өткізудегі басты мақсатымыз – балалар  әндерінің көбеюіне үлес қосу. Себебі, елімізде балалардың орындауына лайықталған әндер өте аз. Сондықтан да  балапандарымыз  орыс, ағылшын  тіліндегі әндермен өсіп келеді. Біз  биыл 4 мың бала қатысқан «Қазақстан дауысы. Балалар» телевизиялық жобасын өткізген кезде, осы мәселені қатты сезіндік. Көрермендер тарапынан көптеген сын айтылды. Шын мәнінде айтылған әрбір сынның астарында шындық бар.  Осыдан кейін, ойлана келе Балалар жылында балалар шығармашылығына тартуымыз болсын деп әндер байқауын жарияладық. Үздік шыққан 5 әнге «Қазақстан» телерадиокорпорациясы арнайы бейнебаядар  түсірді. Бұл клиптер жақында «Qazaqstan» және «Balapan» арналарының эфирінен көрсетіле бастайды, - деді Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай. 



Басқарма төрайымы байқауға қатысушыларға алғыс білдіріп, «үздіктер қатарына қосылмаған қалған 100 ән болашақта балалардың орындауында жарыққа шығып, әр үйде және үлкен сахналарда шырқалатынына сенеміз», - деді.  


Жеңімпаздарды корпорацияның Көркемдік кеңесінен бөлек, арнайы құрылған қазылар алқасы іріктеді. Қазылар алқасының құрамында мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, композитор, ҚР Композиторлары одағының төрағасы Серік Әбдінұров, композитор, музыкант Хамит Шанғалиев және балалар ақыны, журналист Серікбол Хасан бар.


Айта кетерлігі, балаларған арналған әндер байқауы тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылды. Өтінім жолдағандар арасында елімізге танымал кәсіби композиторлармен қатар жаңа авторлар да болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.