Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Балалардың спорт секцияларына қатысуға 3,2, ал шығ...

Балалардың спорт секцияларына қатысуға 3,2, ал шығармашылық үйірмелерге 4 млрд теңге бөлінді

Әлеумет 14.04.2022, 10:41 1,032
Балалардың спорт секцияларына қатысуға 3,2, ал шығармашылық үйірмелерге 4 млрд теңге бөлінді
Сурет: Inform.kz

Балаларды қорғау және оларды үйлесімді дамыту әкімдіктің ерекше назарында.


Мемлекет басшысының шешімімен биыл Балалар жылы болып жарияланды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Қала әкімі жыл бойы қалада жеке жоспар бойынша балаларға арналған іс-шаралар, қайырымдылық акциялары мен фестивальдар өткізілетіні айтты.  Балаларға мектепке дейінгі білім беру, яғни балабақшалар санын көбейтіп қана қоймай, олардың сапасы мен инклюзивтілігін арттыру мәселелері де ерекше назарда болады.



«Мектептер, олардағы орын тапшылығы туралы мен жоғарыда айтып өттім. Тек Президенттің тапсырмасы бойынша балалардың спорт және шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуын жан басына қаржыландыру бағдарламасы іске асырылып жатқанын атап өткім келеді. Биыл спорт секцияларына қатысуға 3,2 млрд теңге, ал шығармашылық үйірмелерге 4 млрд теңге бөлінді», - деді Ерболат Досаев.



Спорт секцияларына қатысатын 44 мың баланың 6,8 мыңы Бостандық ауданында тұрады. Олар 81 спорт секциясына қатысады.


Сондай-ақ, қала бойынша шығармашылық үйірмелерге 54 мың бала қатысады. Бостандық ауданынан  9 мың бала 115 шығармашылық үйірмеге барады. 


Шаһар басшысы кездесуде бұл бағдарламаның халықтың нақты қажеттіліктеріне қарай одан әрі іске асырылатынын айтты. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар жылы #әкіммен кездесу #Бостандық ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.