AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Балалардың денсаулығына баса назар аударылады

Балалардың денсаулығына баса назар аударылады

Әлеумет 11.10.2024, 13:24 1,913 Bakyt
Балалардың денсаулығына баса назар аударылады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Оқу-ағарту министрінің шақыруымен ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елордадағы білім беру ұйымдарының директорларымен кездесу өткізді. Бұл кездесу екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру, мектептерде медициналық қызметті ұйымдастыру, инклюзивті білім беру кабинеттерін дамыту және педагогтер мен оқушылардың денсаулығын сақтау мәселелеріне арналды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Министр Ғани Бейсембаевтың айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасымен 1,7 миллион оқушыны қамтитын мектептерде тегін тамақтандыру жүйесі енгізілген. Бұл шара балалардың білім алудағы нәтижелілігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды. Сонымен қатар, аймақтарда мектеп ас мәзірін өңірлік өнімдерді пайдалану арқылы жаңарту жұмыстары жүргізілуде, бракераждық комиссиялар құрылып, ата-аналар, мектеп әкімшілігі және медицина қызметкерлері бірлесіп бақылау жұмыстарын атқарып келеді.

Оқу-ағарту министрі балалардың қауіпсіздігі мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға басымдық берілетінін, сондай-ақ кәсіпкерлердің өз жауапкершілігін сезінуі маңызды екенін атап өтті. Министр санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен құқықтық актілерді қайта қарау қажеттілігіне тоқталып, алдағы жылдарда ірі мектептерде стоматология кабинеттерін ашу жоспарланғанын мәлімдеді.

Министр Ақмарал Әлназарова сонымен қатар №95 мектеп-лицейі, №84 "Кәусар" балабақшасы және Астана қалалық мамандандырылған балалар үйінде болды. Кездесу соңында педагогтер Денсаулық сақтау министріне балалардың денсаулығына деген қамқорлығы үшін алғыстарын білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғани Бейсембаев #білім #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);