ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Балалар жылы / Балаларды түрлі қауіптен сақтаудың қандай шаралары...

Балаларды түрлі қауіптен сақтаудың қандай шаралары бар?

Балалар жылы 30.05.2022, 08:38 1,699
Балаларды түрлі қауіптен сақтаудың қандай шаралары бар?
Сурет: Ardak.kz
Еліміздің Ішкі істер министрлігі балаларды түрлі қауіптен сақтау шараларын тағы бір еске салды.

Еліміздің Ішкі істер министрлігі балаларды түрлі қауіптен сақтау шараларын тағы бір еске салды.


Балаларға жасалуы мүмкін қауіп пен қатерден оларды қалай қорғау керектігі жайлы ҚР ІІМ-де өткен брифингте балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бала танымайтын ересек адамдармен сөйлеспегені жөн, бөгде кісі әңгімеге тартқан жағдайда да оған мән бермеу керек. Танымайтын адамдар берген тәтті немесе басқа да сыйлықтарды алмағаны абзал. Егер бөтен кісі сыйлықты қоймай ұсынып жатса, онда ата-анасына хабарлассын. Ата-аналарға ескерту, егер арам ойы бар адам баланы оңашаға алып кеткісі келсе, ол баланы әртүрлі тәсілмен алдап-арбайды. Мысалы, ойыншық алып береді, ұялы телефоннан жаңа ойын түрін көрсетеді немесе күшік және мысықтың баласын көрсетемін деп алдауы мүмкін. Жоғарыда аталған жайттардың алдын алу үшін балаға түсіндірген жөн», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Жұманалин аталған ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.



ІІМ өкілінің кеңесінше, егер жағдай адам жоқ жерде орын алса, бала айғайлап, мүмкіндігінше қарсылық көрсетіп, қашуға тырысуы керек.



«Егер бала ізінен бөгде адамның еріп, аңдып келе жатқанын байқаса, көп қабатты үйдің кіреберісіне жалғыз кірмегені абзал. Далада тұра тұрсын немесе таныс көршілерімен бірге кірсін. Болмаса үйіндегілерге хабарласып кіреберістен күтіп алуын сұрасын. Ал егер бала үйдің кіреберсіне жалғыз кіріп, артынан танымайтын ересек адам кірсе, онда лифтіге мінбегені дұрыс. Егер қауіп байқалса, көршілерді көмекке шақырсын. Түрлі қауіптің алдын алу үшін осы аталған сақтық шаралары туралы балаларға жиі ескертіп отыру керек», - дейді ол.





Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.