ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Балаларды интернеттегі қауіптен қалай қорғауға бол...

Балаларды интернеттегі қауіптен қалай қорғауға болады?

Заң мен тəртіп 17.11.2023, 12:11 1,542
Балаларды интернеттегі қауіптен қалай қорғауға болады?
Сурет: Polisia.kz
Ішкі істер министрлігі баланы экранның арғы жағындағы ниеті түзу емес адамдардан қорғауға көмектесетін интернеттегі қауіпсіздіктің қарапайым ережелерімен бөлісті.

Ішкі істер министрлігі баланы экранның арғы жағындағы ниеті түзу емес адамдардан қорғауға көмектесетін интернеттегі қауіпсіздіктің қарапайым ережелерімен бөлісті.


Полицейлердің әзірлеген ұсыныстарына сүйенсек, ата-ана кәмелетке толмаған баланың интернеттегі қызығушылықтарына мүмкіндігінше бақылап отыру керек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Жеке деректеріңізді бөгде адамдарға айтпаңыз. Таныс емес тұлғалардан түсетін достықты қабылдамаңыз, олардың нұсқауларын орындамаңыз. Ведомствоның кеңесі бойынша балаларға ешбір жағдайда желінің басқа пайдаланушыларына өздерінің дербес деректерін, яғни аты-жөнін, тегін, туған күнін, тұрғылықты мекенжайын, оқу орнын, телефонын, фотосуреттерін және т.б. ақпаратты айтуға болмайтынын түсіндіру қажет. Бұдан бөлек, әлеуметтік желі қолданушылары сенімге кіру үшін ойдан шығарылған деректерді, соның ішінде басқа адамдардың немесе тіпті балалардың фотосуреттерін пайдаланатын кездер болады. Осыған байланысты белгісіз адамдардан достықты қабылдамау және олардың бұйрықтары мен нұсқауларын орындамау ұсынылады. Ең дұрысы –  сұхбаттасып жатқан адамның парақшасын бұғаттау. Интернет қолданушылар тарапынан түскен қауіптерінен қорықпаңыз. Қашықтан қол жеткізу бағдарламаларды орнатпаңыз.



– Интернет-пайдаланушылар сізге қоқан-лоққы көрсетсе, уайымдамаңыз. Олар сізге де, жақындарыңызға да ештеңе істей алмайды. Олар әдетте балаларды бақылауға алу үшін қорқытады. Бірінші қауіп төнген кезде балалар бұл туралы ата-анасына, әпке-бауырларына, мұғаліміне және т.б дереу ұялмай, айту керек, – деп атап өтті ведомствода.



Сондай-ақ полиция қашықтан қол жеткізу үшін бағдарламаларды орнатпауға кеңес береді. Бұндай қосымшаларды орнатпас бұрын, ол туралы интернетте оқып, оның не үшін қажет екенін біліп алу керек. ІІМ ата-аналарға ұсынады: баланы интернеттегі қауіпсіздіктің негізгі ережелері туралы хабардар етіңіз, сондай-ақ оны бөгде адамдар мен қажетсіз контенттен қорғауға көмектесетін ата-ана бақылауы, қауіпсіз іздеу сияқты параметрлерді қолданыңыз.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.