Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Балалар күні қос мереке пайда болды

Балалар күні қос мереке пайда болды

Әлеумет 01.06.2023, 11:25 1,230
Балалар күні қос мереке пайда болды
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі «Аналар күні» және «Әкелер күні» мерекелерімен толықты.


Бұл бастаманы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолға алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Енді «Аналар күні» мерекесі мамыр айының екінші жексенбісінде, «Әкелер күні» мерекесі маусымның үшінші жексенбісінде ауқымды түрде атап өтіледі.


Қазақстанда мерекелік күндер күнтізбесін бекіту туралы қаулыға толықтыру енгізілді. Құжатқа Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қол қойды.



«Халқымыздың «Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатса керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Берекелі әрі бақытты отбасы қуатты елдің тірегі», – дегені белгілі. Отбасын нығайтатын факторлардың бірі – әулет мүшелерінің бірге уақыт өткізуі, ортақ қуанышты бірге атап өтуі екені анық. Министрлікке қарасты Қазақстандық қоғамдық даму институтының «Қазақстандық отбасылар» ұлттық баяндамасында көрсетілгендей, еліміздегі отбасылық дәстүрлердің діңгегі – әулет мүшелерінің туған күнін атап өту екен. Бұл сауалнамаға қатысқан 86%-дан астам респонденттің ой-пікірі ескерілді. Сондай-ақ отбасылардың жартысынан көбі Жаңа жыл, 8 наурыз, 22 наурыз және тағы басқа мемлекеттік мерекелерді атаған», деп жазды министр.



Қуанышты жаңалықты бөліскен министр жаңа мерекелер отбасы институтын нығайтуға, аналарымыз бен әкелеріміздің мәртебесін көтеруге, отбасылық құндылықтарды дамытуға, әулеттегі жақындықтың, құрмет-ықыластың берік орнауына және отбасындағы береке-бірліктің артуына ықпал ететініне сенім білдірді.



«Бүгінгі Балалар құқығын қорғау күнінде пайда болған мәні зор мерекелер құтты болсын! Әкелеріміз бен аналарымыз аман болсын!», деп қорытындылады Дархан Қыдырәлі. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мереке #аналар күні #әкелер күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.