AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Балалар колониясында жиһаз жасайтын цех ашылды

Балалар колониясында жиһаз жасайтын цех ашылды

Әлеумет 23.07.2024, 12:08 1,263
Балалар колониясында жиһаз жасайтын цех ашылды
almaty-akshamy.kz

Қылмыс жасап сотталған адамдарды жұмыспен қамту да күн тәртібінен түспеген мәселе. Жазасын өтеп жатқандар да бос отырмай, кәсіппен айналысуға тиіс. Түзеу мекемелерінің аумағында шағын өндіріс орындарын ашу, міне, осы түйінін шешуге айтарлықтай ықпал етуде. 

ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты №11 мекемесіндегі бос ғимараттардың бірінде «Azeris» жиһаз цехы ашылды. Ашылу рәсіміне Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің инспекторы әділет подполковнигі Ерік Райымқұлов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бизнесті қорғау және әкімшілік тосқауылдарды төмендету бөлімінің басшысы Еркебұлан Беймбет және мекеме бастығы әділет подполковнигі Мирас Толубаев қатысты.

– «Azeris» жиһаз жасап шығаратын цехына жазасын өтеп жатқан 8 жасөспірім жұмысқа тұрды. Оларға еңбекақы төленеді. Жазалы жасөспірімдер аталған цехта зор ынтамен жұмыс істеуде. Бір жағынан қазір сұранысқа ие жиһаз жасау кәсібін меңгерсе, екінші жағынан табыс тауып, сотпен белгіленген шығындарын өтеуге және аз да болса ата-аналары мен бауырларына қаржылай көмек беруге мүмкіндік туғанына қуанышты. Сонымен қатар, еңбекке араласа жүріп шеберліктерін шыңдайды. Бостандыққа шыққан соң кәсібі бойынша жұмысқа орналаса алады, – дейді №11 мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы әділет капитаны Толунай Низамова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жиһаз цехы #Түзеу мекемелері #жасөспірімдер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);