AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Балалар арасында қызылша өршіп тұр

Балалар арасында қызылша өршіп тұр

Медицина 20.02.2026, 15:32 294 yakiya
Балалар арасында қызылша өршіп тұр
gov.kz

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, елде қызылша ауруы бойынша сырқаттанушылық өсіп отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылдың басынан бері 3 343 жағдай тіркелді, оның ішінде 84,2%-ы (2 816 жағдай) — 14 жасқа дейінгі балалар.

Жағдайлардың 77,6%-ында (2 594) екпе алмаған балалар ауырған:

вакцинациядан бас тарту себебінен – 1 448,

медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша – 325,

екпе жасына жетпеуіне байланысты – 778,

өзге себептермен – 43.

Ауырғандардың 11,9%-ында (398) екпе мәртебесі белгісіз.

Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2026 жылғы 19 ақпандағы № 3 "Қазақстан Республикасында қызылша бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу шаралары туралы" қаулысы қабылданды.

Құжатта қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы иммундауды кеңейту көзделген:

1) 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балалар — жағдай тұрақтанғанға дейін;

2) Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес егілмеген 2–5 жас

3) 7–18 жас аралығындағы балалар — толықтыра иммундауы аясында;

4) екпесі жоқ немесе олар туралы деректері жоқ 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері.

Вакцинация егілетін адамның немесе оның заңды өкілінің ақпараттандырылған келісімі алынғаннан кейін ғана жүргізіледі.

Сондай-ақ балаларды жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуға қойылатын талаптар күшейтілді. Ұйымдастырылған ұжымдарда, әскери бөлімдерде және білім беру ұйымдарында қызылша жағдайлары тіркелген кезде егілмеген адамдарды уақытша шеттету қоса алғанда, эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жедел түрде қамтамасыз етіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қызылша #қызылшаға қарсы күрес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);