Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Балабақша қызметін лицензиялау 2024 жылы басталады...

Балабақша қызметін лицензиялау 2024 жылы басталады – министрлік

Әлеумет 18.07.2022, 14:33 2,032
Балабақша қызметін лицензиялау 2024 жылы басталады – министрлік
сурет: Inform.kz

Орташа есеппен жылына 200 балабақша ашылады 


2024 жылдан бастап Қазақстанда балабақшалар қызметін лицензиялау шарасы қолға алынады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.



«Балабақша қызметін лицензиялау жаңа дүние емес. 2011 жылға дейін лицензиялау болған. Сол жылдары министрліктің алдында балаларды мектепке дейінгі білім-тәрбие ошағымен қамтамасыз ету міндеті тұрды. Сол себепті лицензиялауды уақытша алып тастады. Содан бері 10 жыл уақыттың ішінде балабақшамен қамту мақсаты орындалды. Бүгінде еліміз бойынша балабақшамен қамту көрсеткіші 99 пайызды құрайды. Ендігі уақытта сапаға мән беру керек. Яғни балабақшалардың қаншалықты заң, талап пен сұранысқа сай жұмыс істейтіні маңызды болып отыр», - деді Гүлзат Көбенова министрліктің «Oqu-ağartu LIVE» жобасының эфирінде.



Оның айтуынша, биыл және келесі жылы балабақшаларды лицензиялауға дайындық жұмысы жүреді. Ал лицензия беру 2024 жылы басталмақ. «Лицензиялау жұмысы кезең-кезеңімен жүреді. Ол ең алдымен жаңадан ашылған балабақшаларға қатысты. Айта кетсек, елімізде орташа есеппен жылына 200 балабақша ашылады. Екіншіден, мемлекеттік аттестациядан өтпеген балабақшалар лицензияланады. Статистикаға сүйенсек, мемлекеттік аттестициядан 2 рет өтпей қалған балабақшалардың үлесі 1-2 пайызды құрап отыр. Үшінші кезеңде қызметі бойынша тәуекел және күмән тудыратын балабақшалар лицензияланады», - дейді ол. Сондай-ақ, комитет басшысы білім беру ұйымдарының қызметін лицензиялау мектеп және колледждерде бар екенін еске салды. Бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов балабақшаларды лицензиялау процесін түсіндіріп берген еді. Еске сала кетсек, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жекеменшік балабақшаларды лицензиялау тәртібі қайта енгізілетінін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#лицензия #Бала бақша #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.