Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бала тәрбиесі – ұлт парызы

Бала тәрбиесі – ұлт парызы

Әлеумет 17.10.2024, 15:30 1,145
Бала тәрбиесі – ұлт парызы
aqshamnews.kz

25 қазан – Республика күніне орай №169 мектеп-лицейінде «Менің қалам – менің мақтанышым» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шара барысында оқушылар мен ардагерлер кездесті. Мерекелік концертке Алматы қаласының ардагерлер кеңесінің мүшелері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

– Бүгінгі іс-шара жалпы біртұтас тәрбиеге бағытталған. Түрлі тәрбие жұмыстарына байланысты әртүрлі шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Негізгі мақсатымыз – жастар арасында біліммен қатар тәрбиені насихаттау. Республика күні қарттар айлығына сәйкес келіп отыр. Осы мерекені пайдаланып, алға жетектеуші ұрпақпен кейінгі буынды кездестіріп жатырмыз. Себебі қазақта «қарттар – біздің қазынамыз» деген жақсы сөз бар. Олар өздерінің ақыл-кеңестерімен бөлісіп, оқушыларға ізгі тілектерін айтады, – деді №169 мектеп-лицейінің директоры Патшагүл Алмағамбетова.

Мерекелік концерт барысында оқушылар өнерлерімен көрермендерді таңғалдырды. Бірі ән шырқаса, бірі қаламызға арнап өлең шумақтарын оқыды. Ардагерлер оқушылардың өнеріне тәнті болып, ізгі тілектерін білдірді.

– Бүгін үлкен мереке өтіп жатыр. Бұл мектеп туралы көп сөз айтуға болады. Бәріміз білетіндей, 1990 жылы БҰҰ 1 қазанды қарттар күні деп белгілеген болатын. Ал бізде Алматы қаласында бұл ай қарттар айлығы деп аталады. Бұл ай біз үшін үлкен мереке. Әртүрлі іс-шаралар, спорттық жарыстар мен кездесулер өткіземіз. Мұндай шараларды өткізудегі мақсатымыз – жастарды мектеп табалдырығынан бастап патриоттыққа тәрбиелеу. Үлкенді сыйлау, Отанды сүю, кішіге ізет көрсету сияқты жақсы қасиеттерді насихаттаймыз, – деді Алатау ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағатулла Таубалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектап #бала #Тәрбие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.