ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Сайлау-2023 / «Байтақ» және Respublica партияларына барлық өңірд...

«Байтақ» және Respublica партияларына барлық өңірден сайлауға қатысуға рұқсат берілді

Сайлау-2023 02.02.2023, 08:19 1,154
«Байтақ» және Respublica партияларына барлық өңірден сайлауға қатысуға рұқсат берілді
Сурет: Elorda.info
Бұл туралы комиссия отырысында айтылды.

Бұл туралы комиссия отырысында айтылды.


Орталық сайлау комиссиясы «Байтақ» және Respublica партияларына Қазақстанның барлық аймағы бойынша мәслихат депутаттарын сайлауға қатысуға рұқсат берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



"Байтақ" Жасылдар партиясына" 15 өңірдегі мәслихат сайлауына қатысуға рұқсат берілді. Қазіргі уақытта басқа бірқатар өңірде партиялардың филиалдары құрылды. Respublica партиясы 19 өңірдегі мәслихат сайлауына жіберілді. Бүгінгі таңда Атырау облысында партия филиалы құрылды", - деп жазды өз баяндамасында ОСК мүшесі Шавхат Өтемісов.



Осылайша Орталық сайлау комиссиясы бірауыздан қабылданған шешіммен "Байтақ" жасылдар партиясына мына өңірлердегі мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға рұқсат берді: Абай облысы, Жетісу облысы, Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы.


Respublica партиясы Атырау облысы мәслихатының депутаттығына өз кандидаттарын ұсына алады.


Бүгінде Қазақстанда тіркелген жеті партияның барлығы 19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысуға рұқсат алды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясындағылар.


Бұл Amanat партиясы, "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстан халық партиясы, "Ауыл" халық-демократиялық патриоттық партиясы, оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, "Байтақ" Қазақстанның жасылдар партиясы және Respublica партиясы.



Мәжіліс сайлауы аралас сайлау жүйесі бойынша өтеді – депутаттардың 70%-і партиялық тізім бойынша, 30%-і бір мандатты округтер бойынша сайланады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарында депутаттардың 50%-і мажоритарлық жүйе бойынша, 50%-і партиялық тізім бойынша сайланады. Аудандар мен қалалардың мәслихаттарына сайлау толығымен мажоритарлық жүйе бойынша өтеді.



Кандидаттарды ұсыну мерзімі 20 қаңтардан 8 ақпанға дейін, тіркеу 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады.


Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 18 ақпан күні сағат 18:00-ден 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады.


18 наурыз – Тыныштық күні.


19 наурызда дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.