ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Бағанашылдағы балалар үйі толық жөндеуден өтеді

Бағанашылдағы балалар үйі толық жөндеуден өтеді

Әлеумет 08.10.2025, 18:13 414
Бағанашылдағы балалар үйі толық жөндеуден өтеді
Алматы қаласы әкімдігі
Бағанашылдағы балалар үйінің тәрбиеленушілері жөндеу жұмыстары кезеңінде уақытша басқа орталыққа көшіріледі

Бағанашылдағы балалар үйінің тәрбиеленушілері жөндеу жұмыстары кезеңінде уақытша басқа орталыққа көшіріледі

Бағанашыл ықшам ауданында орналасқан №2 Балаларды қолдау орталығының ғимаратына реконструкция жүргізу жоспарлануда. Жөндеу жұмыстары кезінде балалар уақытша №1 мектеп-интернатқа орналастырылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында хабарлады.

Бүгінде №2 Балаларды қолдау орталығында 100 тәрбиеленуші бар, олардың 13-і – мектепке дейінгі жаста, 87-сі – мектеп оқушылары. Бұған дейін БАҚ-та балаларды облысқа көшіру мәселесі талқыланған болатын, барлық тәрбиеленушілердің Алматыда қалатыны жөнінде шешім қабылданды.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес орталық ғимараты толық жөндеуден өтеді. «Интегра» ЖШС әлеуметтік жауапкершілік аясында бұл міндеттемені өз мойнына алып, балаларды көшіруге дайын», – деп атап өтті Азамат Қалдыбеков.

Балаларды орналастыру мәселесі қалалық Білім басқармасының бақылауында. Басқарма басшысы Сайран Сайфеденовтің айтуынша, учаске аумағында ескі нысанды бұзып, жаңа ғимарат салуды көздейтін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

«Балаларды Білім басқармасына қарасты №1 мектеп-интернатқа көшіру мәселесі шешілді. Екі апта бұрын бұл интернатта «Жанұя» арнайы үйінің 90-нан астам тәрбиеленушісі тұрған болатын. Жалпы аумағы 1 113,1 шаршы метр, 18 бөлмеден тұратын ғимаратта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Апта соңына қарай балалар көшіп, орталық босатылғаннан кейін құрылыс компаниясы жөндеу жұмыстарына кіріседі», – деді Сайран Сайфеденов.

Қазіргі уақытта қалада ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған 8 арнайы мектеп-интернат жұмыс істейді. Онда 2 668 оқушы білім алып жатыр (оның ішінде 1 794-і интернатта, 874-і үйде оқытылады). Сонымен қатар өмірлік қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсететін 4 ұйым қызмет атқарып келеді. Бұл мекемелерде барлығы 446 бала тәрбиеленіп отыр.

Сондай-ақ, 2025 жылғы 20 қыркүйекте Алматыда құрылыс компаниясы BI Group қаражаты есебінен (6 млрд теңге көлемінде) салынған жаңа «Жанұя» арнаулы кешені ашылғаны атап өтілді. Бұл жоба әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет пен бизнес тиімді  жұмыс істей алатынына мысал болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,268 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.