ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Париж-2024 / Бабаларымыз «әруақ» деп жауға шапқан

Бабаларымыз «әруақ» деп жауға шапқан

Париж-2024 06.08.2024, 22:42 1,039
Бабаларымыз «әруақ» деп жауға шапқан
Сурет: ашық дереккөз
Бақтияр Артаев, бокстан Афины Олимпиадасының чемпионы, Баркер кубогының иегері:

Бақтияр Артаев, бокстан Афины Олимпиадасының чемпионы:

      Қазіргі таңда көп нәрсені шатастырып жатырмыз ғой. Өзіміздің салт-дәстүрімізді ұмытып жатырмыз деген сияқты. Өзгенікін алып келіп кіргізіп жатырмыз. Қандай жағдай болса да біздің болмысымыз қазақ қой. Біз қай кез болмаса да қарап тұрсаңыз, бабаларымыз «әруақ» деп жауға шапқан, ия.

      Кезінде бабаларымыздан келе жатқан дүние. Қазір мысалы соны бір күнде алдықта жоқ қылып жібердік. Осы үшін сақалды жігіттер сөгетін шығар. Сөксе де қалай десе де өз ойлары өзінде. Өздері біледі. Болған нәрсе болды. Оны ешкім өзгерте алмайды. Оны бүгін келіп өзгерту мүмкін емес. «Әруақ» деп шапқан. Ата-бабаларының басына барып, сыйынған емес, құран бағыштаған.

      Мен өзім Олимпиадаға аттанар алдында Қожа-Ахмет Яссауиге, Баба түкті Шашты Әзізге, Қарахан, Айша бибіге бардым. Бәрін аралап, бәріне құран бағыштадым. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген бар ғой. Оның бәрі жайдан жай алынған нәрсе емес.

    Кейінгі уақытта жастарымыз сәл шатасып, бұрып алып жатыр. Салт-дәстүрмен келе жатқан нәрсені жоғалтпау керек. Құран бағыштап, құрбандық шалғаным рас. Әлі де істеймін ол нәрсені. Әке-шешеме құран бағыштап тұрам. Құдайы таратып тұрамын. Мүмкіндігім болса шыт таратып, шашып, көмектесіп тұратын жағдайлар болып тұрады. Әрине, ол күнде емес. Сәті келген кезде. Бар нәрсені жоққа шығармау керек. Бекзат ағам өз алдына істеді. Мен өзімнің білгендерімді істедім. Жаман болған жоқпын. Аллаға шүкір!

     Елдің сенімін Бекзат ағам ақтады. Мен де өз деңгейімде ақтадым. Мен біздің спортшылардың ол нәрсені жасап жатқанын байқағам жоқпын. Сондықтанда біздің спорт қазір құлдырап төмен кетіп қалды. Ал өзбектер қазіргі таңда осы салт-дәстүрді әлі жоғалтпаған. Осы дәстүрді ұстануда. Сондықтан да олардың спорты шарықтап жатыр.

     Қазір көбісі айтуы мүмкін ол соған байланысты емес деп. Ол қазіргі жүйеге байланысты деп. Мен қанша дегенмен ойлаймын «өлі риза болмай тірі байымайды» демекші. Жолыңды ашып тұрса, нәсібеңді беріп тұрса... Сондықтан ол нәрсені ұмытпау керек деп ойлаймын. Қазірде ол нәрсе болу керек сияқты. 

Assyltas tv-дан ықшамдалып алынды

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.