ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Б. Сағынтаев ковидтік стационарлардың КВИ-мен ауыр...

Б. Сағынтаев ковидтік стационарлардың КВИ-мен ауыратын науқастар санының өсуіне дайындығын тексерді

Медицина 21.01.2022, 10:43 1,309
Б. Сағынтаев ковидтік стационарлардың КВИ-мен ауыратын науқастар санының өсуіне дайындығын тексерді
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Алматыда "омикрон" штамының таралуымен коронавирус инфекциясы дертінің өскені байқалады.

Алматыда "омикрон" штамының таралуымен коронавирус инфекциясы дертінің өскені байқалады.


Осыған байланысты қала әкімі жұмыс сапары барысында инфекциялық стационарлардың қосымша төсек-орындарды орналастыруға дайындығын тексерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бақытжан Сағынтаев РВ-90 И.Жекенова атындағы Жұқпалы аурулар ауруханасының филиалына барды. Бүгінде мұнда КВИ-мен ауыратын 199 пациент бар, оның ішінде 21-і ЖИТБ-те. Стационардың жалпы қуаты – 500 төсек, оның ішінде 45 төсек реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде.



Қала әкімі сондай-ақ №№ 12 және 7 қалалық клиникалық ауруханаларда КВИ жұқтырған науқастарды қабылдауға дайындықпен танысты. Бас дәрігерлер ковид бөлімшелерінің жұмысы жалпы медициналық көмек көрсетумен қатар жүргізілетінін хабарлады



20 қаңтардағы жағдай бойынша, Алматыда коронавирустық инфекцияның 2 057 жағдайы тіркелген, оның ішінде 1 866 симптомды жағдай. Инфекциялық стационарларда 1 350 пациент, оның ішінде 187 бала бар. ЖИТБ-те – 71 науқас.


Жалпы, ковидтік стационарлардың қуаты 9 340 төсек-орынды құрайды, оның ішінде 730 реанимациялық. Бүгінде 3 310 орын қолданыста, резервте 6 030 орын бар.


Б. Сағынтаевқа ОҚКА базасында ашылған телемедицина орталығының жұмысы туралы баяндалды. ТМО мамандарының бақылауында 10 188 пациент бар. Бұл сан ағымдағы жылдың 1-20 қаңтар аралығында 20 есе өсті. Орташа алғанда, пациенттерге шамамен 5 мың қоңырау шалынады. 20 қаңтарда 8 458 қоңырау соғылды, оның барысында науқастың жағдайы сұралып, КВИ емдеу бойынша ұсынымдар беріледі.



Қала әкімі сондай-ақ №7 аурухана базасында орналасқан КВИ-ға қарсы вакциналардың қалалық қоймасына барды. Қоймадағы және егу пункттеріндегі I және II компонентті вакциналардың қалдығы «Синофарм» вакцинасының 207 733 дозасын, «КазВак» вакцинасының 176 349 дозасын, Pfizer 254 782 дозасын құрайды. Б. Сағынтаев халықты КВИ-ге қарсы екпе алуға, сондай-ақ ревакцинациядан өтуге шақырды.



Өткен тәулікте бірінші компонентпен 2 218 адам, екіншісімен 1 978 адам вакциналанды. 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап I компонентпен 1 095 040 адам, II компонентпен 1 042 772 адам егілді. Егілгендердің арасында 60 жастан асқандар 123 885 адамды құрайды. Pfizer (Comirnaty) вакцинасын 35 909 адам алды, оның ішінде 1 953 жүкті, 7 652 бала емізетін әйел және 26 304 бала мен жасөспірім бар.



Сол күні Б. Сағынтаев КВИ таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі штаб отырысын өткізді. Ковидтік стационарлардың бас дәрігерлері пациенттерді қабылдау және емдеу динамикасы туралы баяндады. Балалар мен жүкті әйелдерді емдеуге ерекше көңіл бөлінеді. 1-20 қаңтар аралығында қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына КВИ бар 346 бала түсті. Инфекциялық бөлімшелерде 102 жүкті әйел бар.


Қала әкімі АМСК-тің, Телемедицина орталығының жұмысын күшейтуді және резервтік төсек-орындарды орналастыруға дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды. Бұдан басқа, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік жөніндегі шараларды жалғастыру, сондай-ақ халықты вакцинациялау мен ревакцинациялауды жандандыру қажет. Б. Сағынтаев ұжымдық иммунитетті қалыптастыру пандемияның кезекті толқынына қарсы тұрудың бірден-бір сенімді әдісі болып табылатынын атап өтті.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.