ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Б. Сағынтаев ірі көлік жолайрықтарының құрылысын ж...

Б. Сағынтаев ірі көлік жолайрықтарының құрылысын жеделдетуді тапсырды

Әлеумет 14.10.2021, 11:48 1,100
Б. Сағынтаев ірі көлік жолайрықтарының құрылысын жеделдетуді тапсырды
Суреттер: Almaty-akshamy.kz
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде автожол жолайрықтары құрылысының қарқынымен және магистралды көшелерді ұзартумен танысты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде автожол жолайрықтары құрылысының қарқынымен және магистралды көшелерді ұзартумен танысты



«Әуежай айналымында» төрт және алты жолақты қозғалысы бар үш деңгейлі жолайрығының құрылысы жүруде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бүгінде Құлжа трактісі бойындағы ұзындығы 784 м. болатын екі эстакаданың бірінің құрылысы аяқталуда. Қараша айында оның бойымен көлік қозғалысын ашу жоспарлануда.


Бұқтырма көшесі бойында 570 метрлік туннельдік өткел салынуда. Жер деңгейімен барлық оң жақты съездер, сондай-ақ «Алатау» шағынауданы бағыты бойынша жолға шығу қарастырылған. Жолайрығы көлік ағындарының қиылысуын болдырмауға мүмкіндік береді.


Құлжа трактісі бойындағы жолайрығының көлік өткізу қабілеті 15%-ға артады. Бұқтырма көшесі бойында – 30%. Түрксіб ауданы мен Алматы облысының қала маңындағы елді мекендерінің 350 мыңға жуық тұрғынының мобильділігі артады.


Б. Сағынтаев сондай-ақ Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің бойындағы көпірден тұратын барлық бағыттағы жол айрығының құрылыс қарқынын бағалады. Эстакаданың ұзындығы – 186 метр. Жекелеген бүйірлі съездер бойынша қозғалыс ашық. Эстакада құрылысын кешіктірген соңғы 2 учаске алынып тасталды. Соның арқасында құрылыс қарқыны артты. Нысанның дайындығы – 80%.


Көлік айрығы Рысқұлов даңғылында көлік өткізу қабілетін тәулігіне 80 мың автомобильге дейін, Емцов көшесіндегі өткізу қабілетін 40 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік береді.



Бұдан өзге, Алматы әкімі Абай даңғылын үңгілеудің барысымен танысты. Момышұлы көшесінен Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейін ұзындығы 3,5 км учаске құрылысы жүріп жатыр. Әр бағытта қозғалыс үшін 3 жолақ, Әшімов көшесінің үстінен 400 метрлік эстакада, тротуарлар мен велосипед жолдарын салу қарастырылған.



Нысанның дайындығы шамамен 85%-ды құрайды. Метрополитен желісінің үстіндегі 600 метрлік учаске аяқталғаннан кейін жыл соңына қарай жаңарған даңғыл бойынша көлік қозғалысын ашу жоспарлануда.



Наурызбай ауданы "Таусамалы" шағынауданындағы Қонаев көшесін реконструкциялау аяқталуда. Ұзындығы 1,2 шақырымдық жолды 2-ден 4 жолаққа дейін кеңейтеді, мұнда тротуарлар, веложолдар мен арық желісі болады. Дайындық – 90%. Асфальттың жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүруде. Б.Сағынтаев жұмысты ағымдағы айдың соңына дейін аяқтауды тапсырды. Қараша айында абаттандыру үшін ағаш көшеттері отырғызылады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.