AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Азық-түлік корпорациясы резервке 200 мың тонна аст...

Азық-түлік корпорациясы резервке 200 мың тонна астық сатып алмақшы

Әлеумет 07.04.2022, 11:52 1,385
Азық-түлік корпорациясы резервке 200 мың тонна астық сатып алмақшы
Сурет: Gov.kz

Жоспарды Үкімет мақұлдады.


ҚР Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға кепілдендірілген трансферт аясында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 200 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бұл жөнінде ҚР Қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева Мәжілістегі жаңа заң жобасының таныстырылымында айтты.



«Тағы бір бағыт – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары аясындағы іс-шаралар. Жоспарды Үкімет мақұлдады, ол сапалы, қауіпсіз тауарлардың нақты экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Оны жүзеге асыруға үш бағытқа 238 млрд теңге бөлінеді. Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға, оның ішінде әлеуметтік нан мен жұмыртқаны субсидиялауға 139 млрд теңге қарастырылған. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген несие беру көлемін 70-тен 140 млрд теңгеге дейін арттыру көзделіп отыр», - деді вице-министр.



Сондай-ақ, ол елде жемшөп қорын қалыптастыру үшін 20 млрд теңге бөлінетінін айтты.



«Былтырғы тәжірибе көрсеткендей, жемшөп қорын қалыптастыру маңызды. Азық-түлік келісім шарт корпорациясы осы мақсатпен 200 мың тонна көлемінде астық сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл қор кейін құс, мал шаруашылығы кәсіпорындарын құрғақшылық сияқты шетін жағдайлардан, ішкі нарықтағы азық-түлік бағасының күрт тапшылығынан сақтайды», - деді Татьяна Савельева.



Айта кетейік, бұған дейін ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров журналистерге Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті нақтылау не үшін қажет болғанын түсіндірген болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#азық-түлік #продукты #Қазақстан #фонд #қор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);