ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Әзірбайжан Қазақстанға 10 білім грантын бөлді

Әзірбайжан Қазақстанға 10 білім грантын бөлді

Білім және ғылым 23.05.2023, 09:20 1,327
Әзірбайжан Қазақстанға 10 білім грантын бөлді
Сурет: Paryz.kz
Қазақстандықтарға Әзірбайжанның 25 жетекші жоғары оқу орны ұсынылады.

Қазақстандықтарға Әзірбайжанның 25 жетекші жоғары оқу орны ұсынылады.


Әзірбайжанның жоғары оқу орындары үкіметаралық гранттар аясында қазақстандықтарға бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқуға 10 білім грантын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Оқу әзірбайжан, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Тілді тиісті деңгейде меңгермеген үміткерлер тегін тілдік дайындықтан өте алады. Қазақстандықтарға үкіметаралық гранттар аясында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша Еуропа мен Азияның 10 елінде тегін оқуға 500-ге жуық грант жыл сайын бөлініп отырады. Бірқатар ел тілді меңгермеген үміткерлерге тегін тілдік дайындықтан өту мүмкіндігін береді», - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.



Аталған орталық дерегінше, Әзірбайжанның жоғары оқу орындарында тегін оқуға арналған конкурсқа қатысуға құжат қабылдау 2023 жылғы 9 маусымға дейін жалғасады. Өтінімдер eGov порталы арқылы, сондай-ақ Халықаралық бағдарламалар орталығының кеңсесінде қағаз түрінде қабылданады.


Грант тілдік курстардан өту, академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді. Сонымен қатар студенттерге ай сайын стипендия төленеді.


Грант тағайындау конкурсына қатысуға негізгі критерийлер:


• бакалавр дәрежесін алуға үміткерлер үшін - негізгі орта білім туралы аттестат немесе куәлік және ағымдағы оқу жылындағы ағымдағы үлгерімі туралы табель/транскрипт немесе арнаулы орта білім туралы диплом орташа балының кемінде 4,0 (5,0-тен)балына сәйкестігі;


• магистр дәрежесін алуға үміткерлер үшін - бакалавр/маман диплом немесе ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт орташа балының кемінде 3,0 (4,0/4,33-тен) балға сәйкестігі;


• ағылшын тілінде оқу үшін кемінде мынадай деңгейдегі қолданыстағы сертификат керек:


• «Бакалавриат» бағдарламасы үшін – IELTS 9.0-дан 5.0; TOEFL 120-дан 40; «Магистратура» бағдарламасы үшін – IELTS 9.0 - 9.0-дан 5.5; TOEFL 120-дан 50.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.