AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Әзербайжандық саяхатшы-блогерлер Алматы мен Шымбұл...

Әзербайжандық саяхатшы-блогерлер Алматы мен Шымбұлақты халықаралық деңгейде насихаттап жатыр

Барлығы 27.01.2026, 16:29 404 Дина
Әзербайжандық саяхатшы-блогерлер Алматы мен Шымбұлақты халықаралық деңгейде насихаттап жатыр
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Әзербайжандық танымал саяхатшы-блогерлер Орхан Асланов, Сеймур Алиев және Аяз Кара Алматы мен «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына барды. Шетелдік инфлюенсерлердің мегаполистің тау бөктеріндегі демалыс орындарына қызығушылық танытуы қаланың қысқы және белсенді туризм бағыты ретіндегі тартымдылығы артып келе жатқанын аңғартады. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Сапар барысында қонақтар Шымбұлақтың инфрақұрылымымен танысып, шаңғышылар мен сноубордшыларға арналған түрлі деңгейдегі трассаларды, сондай-ақ тау көріністері мен қала панорамасының ерекше үйлесімін жоғары бағалады. 

Алматыға бұған дейін де бірнеше рет келген Орхан Асланов бұл жолғы сапарының да әсерге толы болғанын айтты. Әсіресе, Шымбұлақтағы түнгі сырғанау ерекше әсер сыйлаған.

«Теңіз деңгейінен шамамен 3200 метр биіктіктен түнгі қала аясында төмен сырғанауды сөзбен жеткізу қиын. Мұны міндетті түрде сезініп көру керек», – деді блогер.

Сеймур Алиев өз кезегінде Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы туризмнің тәжірибе алмасудың әлеуеті жоғары екенін атап өтті.

«Алматы мәдениетімен, қонақжайлығымен және тау-шаңғы курорттарының қалаға жақын орналасуымен тартымды. Бұл демалысты жайлы әрі мазмұнды етеді», – деді ол.

Аяз Кара Қазақстанға алғаш рет келгенін айтты. Оған әсіресе Шымбұлақтағы түнгі сырғанау ерекше әсер қалдырған.

«Мұнда шынайы қонақжайлық пен достық көңіл айқын сезіледі», – деді блогер.

«Блогерлердің әлеуметтік желілердегі жарияланымдары Алматының халықаралық туристік кеңістіктегі имиджін нығайтып, қысқы, тау және белсенді демалыс бағыты ретінде одан әрі танылуына ықпал етеді», - деді қалалық Туризм басқармасының өкілдері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #шымбұлақ #тревел блогер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);