AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс...

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы бар қазақстандықтар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады

Әлеумет 29.01.2025, 18:31 806
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы бар қазақстандықтар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады
Сурет: Gov.kz

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап нысанасы жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету болып табылатын салық агенттерімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.

 Жаңашылдық азаматтардың осы санатын әлеуметтік қорғауды күшейтуге мүмкіндік береді. Аталған жеке тұлғалар әлеуметтік тәуекелдердің 5 түрі басталған кезде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік төлемдер ала алады.

АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды төлеушілер МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдарды төлеуді жүзеге асыратын салық заңнамасында айқындалған салық агенттері болып табылады.

Әлеуметтік аударымдар ставкасы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5% мөлшерінде белгіленген.

Осы қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, АҚС шарты бойынша алынатын табыс сомасы болып табылады.

Бұл ретте бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы объектісі 7 ең төменгі жалақыдан (бұдан әрі – ЕТЖ) аспауға тиіс.

Егер күнтізбелік айда бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ЕТЖ-дан кем болған жағдайда, онда әлеуметтік аударымдар ЕТЖ-дан негізге ала отырып есептеледі, төленеді.

Егер тұлға бір төлеушімен жасалған екі және одан да көп АҚС шарттары бойынша жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) кіріс алған жағдайда, онда әлеуметтік аударымдарды есептеудің ең төменгі және ең жоғары объектісі бір төлеушіден алынған жалпы табысқа қолданылады.

Төлеушілер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды табыс алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

Осылайша, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдар МӘСҚ-дан әлеуметтік тәуекелдердің 5 түрі туындаған жағдайда әлеуметтік төлемдерді ала алады:

- жұмысынан айырылу;

- еңбекке қабілеттілігінен айырылу;

- асыраушысынан айырылу;

- жүктілікке және босануға немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу;

- бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысының жоғалуы.                         

АҚС шарттары бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша жиі қойылатын сұрақтардың жауаптарын https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/documents/details/788839?lang=kk сілтемесі арқылы оқи аласыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Азаматтық-құқықтық сипат #шарттар #табысы барлар #МӘСҚ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);