AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Азаматтарға күш қолданудың әрбір фактісі мұқият зе...

Азаматтарға күш қолданудың әрбір фактісі мұқият зерттеледі

Әлеумет 24.01.2022, 06:11 1,307
Азаматтарға күш қолданудың әрбір фактісі мұқият зерттеледі
Inform.kz

Ішкі істер министрлігі азаматтарға қарсы күш қолданудың әрбір фактісін мұқият тексереді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«ІІМ азаматтарға қатысты күш қолдану фактілеріне баса ден қояды. Әрбір факт полиция ғимараттарында және қоғамдық орындарда орнатылған бейнекамераларды талдау арқылы мұқият зерттеледі», - деді ол министрліктің ақпарат алаңында өткен брифингіде.



«Қаңтар айында болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полиция күштері мен әскери қызметшілер елде құқықтық тәртіпті орнату бойынша ауқымды операциялар жүргізді. Тергеу изоляторының ішкі тәртіп қағидаларына сәйкес, уақытша ұстау изоляторына түскен барлық адамдар COVID-19 вирусына ПТР-тестерінің теріс нәтижесімен қабылданады және міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді. Дене жарақаттары немесе аурулары анықталған кезде, оларға дереу медициналық көмек көрсетілуде. Әрбір осындай факт туралы прокуратура органдарына хабарланады. Мекемеде білікті медициналық көмек көрсету болмаған жағдайда, олар азаматтық денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізіліп, күзетілетін палаталарда емделеді. Бүгінде осындай тәртіппен 23 адам ем алуда», - деді Нұрділдә Ораз.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #азамат #күшқолдану
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);