ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Азаматтардың төлемге қабілеттілігін қалпына келтір...

Азаматтардың төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру мен банкроттығы туралы заң Алматыда сәтімен іске асып жатыр

Алматы 13.06.2025, 12:11 565
Азаматтардың төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру мен банкроттығы туралы заң Алматыда сәтімен іске асып жатыр
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Қазақстандықтардың қарыздан құтылып, жаңа өмір бастауына мүмкіндік беретін ҚР-ның «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңы» Алматыда сәтімен іске асып жатыр,...

Қазақстандықтардың қарыздан құтылып, жаңа өмір бастауына мүмкіндік беретін ҚР-ның «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заңы» Алматыда сәтімен іске асып жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Онда халықтың әсіресе әлеуметтік осал тобына көп көңіл бөлінген. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференцияда Алматының Мемлекеттік кірістер департаментінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Айдос Бұдығұлов осылай деді.

«Заң әсіресе табысы аз азаматтар мен көп несие алып, қиын жағдайға тап болған халықтың әлеуметтік осал тобына көп көңіл бөлген. Осы заңның арқасында олардың көбі ұзақ жылдар бойы ауыр жүк болып келген қарызынан құтылуға мүмкіндік алып отыр»,- дейді Айдос Бұдығұлов.  

Соттан тыс банкроттық рәсімді құжат жинап әуре болмай-ақ, бұдан былай онлайн арқылы рәсімдей берсе болады. Бұл қағазбастылықтан қатты қиналатын қарт адамдарға да пайдалы. Енді осының бәрін «электронды үкімет» арқылы немесе мобильді қосымша арқылы тез әрі тегін істей аласыз. 

Сот арқылы банкрот деп табылған және төлемге қабілеттілігін қайта қалпына келтіру мәселесі одан да күрделі жағдайды қарастырғанымен, бірақ ол да азаматтардың мүмкіндігіне қарайды. Соңғысы тұрақты табысы бар, соның ішінде зейнетақы төлемдері бар азаматтар үшін ерекше маңызды, олар берешегін уақытылы төлейтіндердің мәртебесінен айырылғысы келмей, қарызын біртіндеп, кезең-кезеңімен өтейді.   

Былтыр күшіне енген заңдағы жаңа толықтыру азаматтардың мүмкіндігін одан ары арттырды. Енді уақытылы төлейтін, бірақ несиесі көбейіп кеткендер де осы мүмкіндікті пайдалана алады. Сонымен бірге, төлемге қабілеттілігін қалпына келтіргеннен кейін, шетелге шығуына шектеу қою жағы да алынып тасталады. Бұл шетелде туған-туысы бар азаматтарға да тиімді болғалы тұр. 

Осылайша, заң қарыздан құтылып, жаңа өмір бастағысы келген қазақстандықтарды әлеуметтік тұрғыда қолдайтын құралға айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.