AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Азамат

Азамат

Әлеумет 31.05.2023, 04:17 1,346 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Азамат
almaty-akshamy.kz

Қызылордалық Нұрлыбек Байменовтің бір қолы осыдан 20 жыл бұрын пойыз астында қалып, жұлынып, сонадайға ұшып кеткен. Аурухана төсегінде жатып «енді қалай күн көремін, жұмысқа кім алады мені, отбасын қалай құрамын» деп жылағанын жасырмайды.


Жоғары білім алмаған, мектептен 9-сыныптан кейін шығып кеткен. Өмірінде көп қиындық көрген. «Мына түріңмен сені ешкім жұмысқа алмайды» деп мұқатқандар да аз болмаған. Күнделікті нәпақасын табу үшін шолақ қолымен жүріп-ақ алдынан кезіккен барлық қара жұмысты істеген. Үйлену туралы мүлдем ойламайтын. Себебі, «маған кім күйеуге шыға қояр дейсің» деп, бұл тақырыпты мүлдем жауып қойған сәттері болған. Бала күнінен бұзық болғанын да жасырмайды.


Жергілікті бір ТЖО-ға жұмысқа кіріп, көліктердің қорабын бір қолымен-ақ шешіп алып, иығына салып алып кетіп бара жатқан сәтін көргендер таңқалушы еді. Ол  жұмысын жақсы көрді, содан береке тапты. Бірде темір-тұлпарлардың «ішек-қарнын» ақтарып тастап, қайта құрастыратын басшысының әбжіл қимылдарына, іс-әрекеттеріне көз салып жүріп, оны да меңгеріп алады.



Бүгінде өзінің техника жөндеу орталығы бар. Иә, несие алып ашқан. Жоқтан бар жасап жүрген азамат бірнеше жігітті жұмыспен қамтып отыр. Жұмысындағы қызықты сәттерді Instagram, TikTok желілеріне салып, көпшілікті, әсіресе, жастарды адал еңбек етуге, қиындықтан қашпауға үндеп отыратыны да бар. Нұрлыбектің шолақ қолымен-ақ автокөліктің ауыр қорабын бір иығына салып алып, өз бетінше тіршілік етіп жатқанын көрген алматылық Шалқар есімді азамат жуырда оған құны көп ақша тұратын, көліктерді жөндеуге арналған құрал-жабдықтар сыйлады. Қуанышын жасыра алмаған Нұрлыбек Байменов жаңалығын әлеуметтік желіде бөлісіп, оқырмандарынан сүйінші сұрады. Шалқар замандасына алғысын білдірді.



Айтпақшы, Нұрлыбек Байменов үйленген, екі баласы бар. Келіншегі: «Екеуміздің ұрсысқан кезіміз есімде жоқ. Бір нәрсеге көңілі толмай қалса, атымды атамай, маған қарай «әу, Ержанова» деп фамилиямды зілсіз атап жақындап келе жатқаннан-ақ «Сенімен ұрсысу да мүмкін емес» деп күліп жіберетінім бар», – дейді. Мұндай жандардың өмірі бізге үлгі болуы тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нұрлыбек #Байменов #кәсіпкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);